Менің бақытты болғым келеді!

Бақыт – дерексіз, күрделі құбылыс. Оң сипаттағы позивтивті семантикаға ие бақыт туралы түсінік қоғамдық санада ерте кезден өмір сүреді және кез келген түсінікте, мейлі ол өте тар немесе өте кең мағынада болсын, барлық жағынан концепт болып табылады. Бақыт атауының нақты ішкі формасы бар. Оған деген көзқарастар этномәдени жағынан сипатталады және бір мәдениеттен екіншісі ерекшеленеді. Тілдік танымда бақыт этикалық, дүниетанымдық терминге сай әдеттегі ұқсастықты береді. Қазақ халқының ұлттық дүниетанымындағы «бақыт» ұғымы концептілік қасиетке ие. Қазақ халқының дүниетанымында, болмысы мен тіршілігінде, оның «ғаламдық бейнесінде» бақыт ұғымы іргелі концептілер қатарына жатады. Бақыт – ұлттың дүниетаным әлемін қалыптастыратын маңызды категориялардың бірі.

«Бақыт» концептісінің мағынасы қазақ халқының дүниетанымында жақсылыққа кенелу, шат-шадыман өмір сүру, мерейі үстем болу, ырысты болу, дәуірі жүру, тасы өрге домалау т.б. ізгі қасиеттерді адам баласының басынан өткеруі деген түсінікпен береді. Адам баласы өмір бойы бақытты болмауы мүмкін, бірақ оның бақытты сәттері көп болуы мүмкін. Қазақ халқының дүниетамында берекелі отбасы, қажырлы да қайратты еңбек, ұрпақ өрбіту, деннің саулығы, малының амандығы т.б. бақытты өмір сүрудің кепілі болған. Сол себепті де «бақыт» концептісімен тіркескен мол фразеологиялық тіркестер, бата-тілектер, мақал-мәтелдер халықтың дәстүрі, діні, тілі, салтымен біте қайнасып, оның дүниетанымы мен ұлттық ойлауын білдіреді. Тіліміздегі «бақыт» концептісі қазақ халқының сан ғасырлық өмір тәжірибесінің сүзгісінен өтіп, ғаламдық дәрежедегі концептіге ие болады.

Адам қашанда өмірдің мәнін ұғынуға ұмтылғандықтан және бақытқа жетуге тырысқандықтан аталмыш мәселе – адамзат баласын ерте кезден толғандырып келе жатқан философиялық тақырып. Өйткені өмірдің белгілі бір мәнділігі бақыттың алғышарты болып табылса, екінші жағынан бақытқа деген ұмтылыс өмірдің өзіне белгілі бір мән-мағына береді. Мән-мағынасыз өмір сүру – адам үшін бақытсыздық және керісінше адам өз өмірін терең пайымдай алса ғана, бақыт сезімін сезіне алады. Бақыт ұғымы моральдық сананың тұрақты әрі құбылмалы қондырғысы болып қана қоймай, күнделікті тіршіліктің де бағыт-бағдарын айқындайды.

Бақытқа жетудің жолы қандай екені атам заманнан бастап әлі күнге дейін адамзатты қызықтырған. Бұл сұрақтардың жауабын бабаларымыз он ғасыр бұрын жазып қалдырғанын біреу біл­се, біреу білмес. Нақтырақ айтсақ, 1069 жы­лы қазақ топырағында туған Жүсіп Бала­са­ғұн бабамыз «Құтадғу білік» атты еңбегінде мұның барлығын егжей-тегжейлі баяндайды.

Бақыт концепісін түркілік дүниетаным негізінде қарастыруда Жүсіп Хас Қажыбтың «Құтадғу білік» еңбегі - бірден-бір тірек әрі адастырмас темірқазық. Аталмыш дастандағы толғам, философиялық түйіндер бір мәдениеттің, бір өркениеттің, заман мен әлеуметтік жағдай ғана емес, біртектес ел-жұрт тіршілігі тұтастырған бір дүниетанымның жемістері.

Дастанның басты мұраты – бақытқа жету жолдарын насихаттау. «Бақыт концептісін автор қалай түсінеді?», «Бақыт қонған ізгі мемлекетке ай­налу үшін не істеу керек?»,  «Оны құрайтын элементтер неден тұрады?» деп толғанатын болсақ, мына жолдардан жауап аламыз:

Халық байып, ырысы артты елінің,

Тілін безеп көтерді елі Елігін.

 

Құт дарыды, өсті халық өрісі,

Бірге жусап, өрді қозы, бөрісі.

***

Жақсылардың көтер жебеп, еңсесін,

Жамандардан бүтін сақта ел шетін.

 

Заңды түзе, сұмдық сонда сасады,

Құтың өсіп, абыройың асады.[1]

Демек, құтты қоғам құру, әлеуметті түзіп, кедейді – орташаға, орташаны байға жеткізу, елдің әл-ауқатын өсіріп, іргесін нығайту – бақытқа жетудің алғышарты. Соңғы тарауларда автор өмірдің өтпелігін, заманның опасыздығын, достардың сатқындығын айтып, өзінің кемшілік күнәларына күйініп күңіренеді, кейінгілерге өсиет сөз қалдырады.

Бүгінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру, са­палы кадр дайындау, билік өкілдері мен қо­ғамның қарым-қатынасын реттеу, ішкі сая­си тұрақтылықты сақтау және сыртқы ел­дермен ынтымақтастық орнатуда бұл кі­тап­тың алар орны ерекше. Алайда бұған дейін «Құт әкелуші білім» және «Құтты білік» деген секілді атаулар беріліп, кітаптың білімге қа­тысты қырына көбірек назар аударылып кел­ді. Енді «Құтадғу біліктің» билікке қатыс­ты тұстарына басымдық беріп, бүгінгі мем­ле­ке­тіміздің тамыры тереңде жатқанын ашып көрсетуіміз керек. Міне, біз он ғасыр бұрын ба­баларымыз құрған мемлекетіміздің құры­лымын, оның басқару жүйесін және қоғам­мен қарым-қатынасын көре аламыз. Мем­ле­кет­тік лауазымдар мен олардың дәре­же­­лерімен және ол лауазым иелеріне қойылатын талаптар мен жүктелген міндеттермен танысамыз. Сон­дай-ақ адамның тұлға ретінде қалып­та­сып, кемелдік деңгейге жетуіне үйрететін ілім­нің кілтін табамыз. Айталық, ел басқару ісі­не араласқан кісінің шыққан тегі мен ал­ған тәрбиесі, болмыс-бітімі, ақыл-парасаты, бі­лімі, қабілеті, мінез-құлқы және сырт кел­беті қандай болу керек? Олардың атқаратын қыз­меті, құқығы және ел алдындағы мін­дет­тері қандай? Осының барлығы аталмыш кі­тап­та кеңінен жазылған. Бір сөзбен айтқанда, құ­қықтық қоғам мен демократиялық мем­ле­кеттің өлшемдері көрсетіледі. Төмендегі жолдар сөзімізге айғақ болады:

 «Мемлекет құрамындағы кіші ордалардың бас­шысы жаны таза, қанағатшыл, Құдайдан қор­қатын, халыққа қайырымы мол, жомарт, бі­лімді, ақылды, іскер, батыр адам болу ке­рек. Оның мемлекет басшысына адал қызмет етіп, жанашыр болуы айтылады. Елге әділ заң орнату және мемлекет, облыс, қаланы әділ басқару – басшыларға ең басты талап ре­тінде қойылады» .[1]

Осы ойдан сайып келе «Өзін - өзі білген – ер бақытты, өзін - өзі билеген ел бақытты» деген халық мақалын мақаланың түп қазығы етіп алмақпын. Неткен даналықпен, көрегендікпен айтылған сөз! Туған елің, Отаның құлдықта болса қайдағы бақыт?! Құлдықтағы ел төгілген тердің, еңбектің жемісін еш уақытта көре алмайды, ой еркіндігі туралы айтудың да қажеті жоқ. Құдайға шүкір, «мың өліп, мың тірілген» қазақ тәуелсіз ел болды. Ғасырлар бойы аңсаған бақыт құсы қолымызға қонды. Қазақ халқы бақытты құсқа теңейді, оның мәні неде? Құс қолға оңайшылықпен қонбайды, қонған екен оны аялай білмесек, баптай білмесек, қадірін білмесек қалай ұшып кеткенін білмей қаламыз. 

Қазіргі уақытта техника мен технологиялардың қарқынды дамуы жағдайындағы жаһандану дәуірінде мемлекетте әлеуметтік - экономикалық жаңғырту саясатын жүзеге асыру арқылы ізгі қоғамға қол жеткізу басты мәселе болып отыр. Қоғамды өзгертуші күштің бірі адам болғандықтан, қоғамның ізгілігі адамдардың игілігінен, адами іс - әрекеттерінен, олардың өркениеттік озық үлгілері бойына сіңіруінен және өзіндік болмысын сақтап қалуынан негіз алады. Осы тұрғыдан Елбасы Н. Ә. Назарбаев әлеуметтік - экономикалық жаңғырту саясатындағы он бағыттың бірі ретінде «Қазақстандағы адам капиталының сапалы өсуіне» баса назар аударды.

Осыдан он ғасыр бұрын жазылған Жүсіп Ба­ласағұнның еңбегі елімізде жеке тұлғаны дамы­туда, мемлекеттік басқаруды жетіл­ді­ру­де, кадр дайындауда және идеоло­гия жұмыстарын­да таптырмас дереккөз. Ол әдеби көркем шы­ғарма ғана емес, мәңгілік ел болу үшін мем­ле­кеттік басқару тақырыбын көтерген құнды жә­дігер. Ең маңыздысы, Елбасымыз жария­лаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мә­селесі аясында халқы­мыз­дың рухын оятып, са­на­сын жаңғыртуда маңызы зор. Сонымен қа­тар тәуелсіз мемле­ке­тіміздің тамыры терең­де жатқанын көрсе­тетін тарихи факт, баға жет­пес байлық.

 

 

 

Пайдаланған әдебиет:

1.     Баласағұн Ж. Құтты білік/ Көне түркі тілінен аударған, алғы сөзі мен түсініктерін жазған А. Егеубай. – Алматы: «Өлке», 2006. - 640 бет. 2-басылым

 

Ғылыми жетекшісі: Жанатаев Д.Ж., ф.ғ.к., доцент



Бөлісу: