Менің арманым

Мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетінде оқимын. Біздің факультеттің студенттерімен М.Шаханов кездесуге келгелі жатыр. Қатты қобалжудамын. Себебі мен Мұхтар ағаны ұстазымдай санаймын. Батасын алу арманым болатын. Мен үшін асыға күткен кез келді. Бүгін кездесу күні. Уақыт жетті. Мұхтараға келді. Ашық жарқын, қарапайым жан екен. Сұхбаттасып, сұрақ қойып, әңгімесін тыңдап бітке соң, мен өзімнің Мұхтар ағаға арнғана өлеңімді оқып бердім.

АСҚАР ШЫҢ НЕМЕСЕ МҰХТАР ШАХАНОВҚА

Қазақта бар тек біреу ақ Асқар шың,
Ол Асқар шың жай шың емес Мұхтар шың.
Өлеңдері көк тіреген ұлы тау,
Өлеңдері ақ бұлтындай аспанның.

Қайталанбас шыңы ол мына қазақтың,
Тілегені болашағы халықтың.
Жазады ойын үстіне ақ парақтың,
Өлеңінің әр сөздері оғындай-ау садақтың.

Ей, Қазағым, Асқар шыңды бағала,
Паналайтын Асқар шыңды бар ма екен ақ шағала?
Оны жай бір ақын ғой деп еш уақытта санама,
Өлеңіне оның, халқым, немқұрайлы қарама.

Лайық қой ол Ұлы ақындай атаққа,
Себебі оның ойлайтыны жақсылық тек қазаққа.
Жанашыры халқының ол, қалаулысы, ақыны,
Деген сөзге қарсы тұрар бар ма адам қазақта?!

Жазар ашып ашшы шындық парағын,
Намысыңды оятатын өлеңдері таза жыр.
Оқыңдаршы, оқыңдаршы, қазағым,
Өлеңдерін Мұхтар ақын ағаның!

Осы өлеңді оқыған соң Мұхтар аға маған батасын беріп, қолтаңбасын қойып, өзінің кітабын естелік ретінде сыйлады. Бұл мен үшін ең ұмытылмас кездесу болды. 
Журналистика факультетіне оқуға түскеніме өте қуаныштымын. Бұл менің ең үлкен арманым болатын. Қуанып оқудан шығып келе жатқанымда, біреу түртіп қалды. Сөйтсем такси жүргізушісі екен. Түсетін жеріме келіппін. Жаңағының барлығы жай қиялым екен. Сол баяғы әлі мен өзім қаламайтын медицина колледжінің студентімін. Бірақ кейде осылай қиялыммен болса да журналистикада "оқып" рахаттанып қаламын. Бір күні болмаса бір күні бұл арманым да орындалар. Бәрі Алланың қолында. Алла осы тілегімді қабыл алса екен…



Бөлісу: