МЕН ҰСЫНАТЫН ТОП-4 КІТАП

МЕН ҰСЫНАТЫН ТОП-4 КІТАП
жеке
блог

“Жақсы кітап — ақылды адамның әңгімесімен бірдей” демекші, кітап сүйер қауымға менің де ұсынарым бар. Мақаламда әртүрлі жанрдағы кітаптармен бөлісіп, таңдауымды түсіндіретін боламын.

 

1. Әзілхан Нұршайықов “Ақиқат пен аңыз”

Ұлы Отан соғысының ардагері, қазақтың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы жайындағы биографиялық кітапты әрбір қазақ міндетті түрде оқу керек деп есептеймін. Ерлік дастанын оқып отырып, Ә.Нұршайықов шеберлігінің арқасында бас алу мүмкін емес.  Шығарма сюжеті Момышұлының естеліктері мен екі тұлға сұхбаты айналасында құрылған. “Нацистерге қарсы 207 рет ұрысқа қатысып, бес рет өлімнің құрсауында қалған, екі рет өлімші болып жараланған” кездерімен қоса автордың керемет әзілдері де кездеседі. Сондықтан кітап әрбір оқырманның көңілінен шығатынына сенімдімін. 

 

2. Бауыржан Момышұлы "Ұшқан ұя"

Бауыржан Момышұлы жайында сөз қозғап, оның айтулы туындысын айтпай кету – үлкен қателік. “Ұшқан ұя” повесінде Бауыржан Момышұлының ес біле бастағаны, балалық шағы мен өскен ортасы суреттелген. Ауылдың тұрмыс тіршілігі, халқы да кездеседі. Батырымыз тіпті үлгі тұтатын тұлғасы, мейірімді, дана әжесін еске түсірді. Негізгі кітап бөлімі отбасылық құндылықтар мен Момышұлының жанұясы жайында. Сонымен қатар қазақы мінез, дәстүр, ұлттық өнер жайында да шебер сипатталған. Жалпы кітап бірден өзіне баурап алып, әр оқырманды тәнті етеді.

 

3. Мағжан Сағымбаев “Екі дөңгелекті көшпенді”

Егер сіз саяхаттауды, елдер мен түрлі мәдениеттерді ұнатсаңыз Мағжан Сағымбаевтың “Екі дөңгелекті көшпенді” кітабы сізді қызықтырады. Кітап қазақстандық велосаяхатшының күнделігі ретінде жазылған. Бірнеше рет өмір мен өлімнің алдында тұрған ол, 22 елді 380 күнде аралап, күнделігіне адамдар мен елдер туралы көптеген әсерлі оқиғаларды жинады. Мағжанның айтуынша, барлық елде оны жергілікті халық ыстық ықыласпен қарсы алып, Қазақстан туралы көп сұраған. Сондықтан кітап ұмытылмас әсермен қоса елдер мен мәдениеттерді тану үшін үлкен септігін тигізеді. 

 

4. Дэниел Киз “Элджернонға арналған гүлдер”

Шетелдік керемет туындыны да қоса кетейін. Жалпы "Элджернонға арналған гүлдер" кітабы мейірімділік пен бәріне кешірімді бола білуді үйретеді. Басты кейіпкердің жеке күнделігі форматында жазылғандықтан, әрбір эмоцияны бірге сезіну мүмкіндігі беріледі. Оқиға барысында ғылымның адам өміріндегі рөлі, олардың өзара ықпалы туралы жалпы философиялық мәселелер көтеріледі. Алғашқы қордан бастап-ақ оқырманды романның жанрлық және стильдік ерекшелігі таң қалдырады. Қызықты хикаяларға толы кітапты 1-2 күнде жеңіл оқып шығуға болады. Сонымен қатар бұл туынды американдық мектептердің білім беру бағдарламасының міндетті түрде оқитын 100 кітаптың қатарында. Сондықтан “Элджернонға арналған гүлдер” кітабы әсер сыйлап, ешкімді бей-жай қалдырмайды.