"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"

"Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"
жеке
блог

                                       

Қызылорда   ОПД ЕҚҚІҚБ

тарапынан жарияланған сайысына

 

 

                                 "Мен саған есірткі жайлы айтып беремін"

- Балаларға не болса соны көрсететіні несі, түге?- деп, өз- өзінен шала бүлінген теледидар алдында отырған әжемнің жарықшақтана шыққан қатқыл даусы төргі бөлмеде сабақ оқып отырған менің ойымды бөліп жіберді.                                                                                                                       -Әже, не болды?- деген менің  сұрауыма әжем әдепкіде немқұрайлы жауап берді де, сәлден кейін:- Есірткі дей ме, оның залалы мен зияны дей ме, менің басыма сыймайтын нәрселерді көрсетіп жатыр ғой...,- деп кінәсіз жас баладай жаутаңдай қарады.Әже жауабынан соң теледидар жүзіне еріксіз көз жүгірттім.Шынында да, күллі адамзат атаулыға апат әкелер, адами болмысымыздың тамырына балта шабар алапат жайлы хабар беріліп жатыр екен.Ұсынылып жатқан бейнеүзіктерді көруге жан шыдамайды.Жанары жасқа толып, улы заттың уысына түскен талай тағдырлардың ащы өксігі тамағыма тығылғандай болды.Өзімді бейжай сезіндім.Одан қалай арылуға болады?!Ол үшін не істемек керек? деген сансыз сауалдар мені мектепке келгеннен кейін де мазалап қоймады.Өз ойымды сынып жетекшіме айттым.Ол турасында сыныптастарыммен ойласып, сынып сағатын өткізуге кеңес берді.Біз сынып болып іске кірістік.Әрқайсысымыз  өзіміз бөліп алған тапсырмаларды орындау қамындамыз. Менің үлесіме есірткінің адамзат баласына тигізер зардабы туралы деректер жинау тисе,құрбым  Айман бүкіл әлемдік айықпас дерттің ошағы болған  мемлекеттер туралы сандық  мәлімет жинауға кірісті.  Сыныптасым Нұрдәулет одан арылудың қандай жолдары бар деген сауалға жауап боларлық деректер шоғырын қарастырды.Ал Ерсұлтан есірткі түрлері, оларды көп қолданатын елдер турасында тың деректемелерді келтіре отырып, біздің сынып сағатында  қарастырар мәліметіміздің қорын молайтуға атсалысты."Жұмыла көтерген жүк жеңіл" демекші, сыныптастар арасында көп ізденіс тудырған  атышулы тақырып аясындағы сынып сағатымыз да басталып кетті. Алғашқы сөзді алған сынып жетекшіміз бүкіл әлемдік деңгейде дабыл қақтырған есірткінің адам баласына келген апат екенін, оны бір рет қолданған адамның оған өз өмірінің соңына дейін  тәуелді болып қалатынын және есірткіге тәуелділіктің психикалық және физикалық түрі болатынын  баян етті. Сонымен бірге есірткінің синтетикалық және синетикалық емес, өсімдік тектес түрлері болатынын нақты деректермен келтірді.Мұнан соң өзіндік ізденісін ұсынған Айман да есірткі саудасының әлемдік деңгейде белең алып отырғанын бейнежазбалар арқылы дәлелдеуге тырысты.Мәселен, аузын айға балаған АҚШ,Чехия,Бельгия сынды мемлекеттерде "қара нарық" деп аталатын есірткі саудасының ошағы бар екенін айтты. Осындай есірткінің алғашқы "наркотик" атауымен  сонау медицина  көсемі Гиппократ заманынан бастау алғанын да мысалға келтіре отырып, оны медициналық мақсатта яғни ауруды сездірмес үшін қолданғанын, кейін жеке тұтынушылардың оны уақытша "рақат сезімге" бөлену үшін, бар қиындық пен ауыртпалықты ұмыту үшін бір рет тұтынған жанның оның шырмауына біржола ілінгенін де өзі сезбей қалатын "құдіретін" жеткізді.                                                                    Сынып сағаты өзінің көтерген мәселесінің күрделілігімен ерекшеленсе де, сыныптастарыма көп ой салғанына  мен риясыз сендім.Сынып іші құлаққа ұрған танадай, мүлгіген тыныштық.Әркім өз ойының жетегінде.Жан ауыртар сезімге бөлесе де, бізге көп жауапкершілік артқан сынып сағаты болды бұл...Шырмауықша шырмап алған шексіз ойдың бір щетін өз бауырларыма, іні-сіңлілеріме де айтқым келді.Егер  керек кеңес екен десеңіз, мен сізге де есірткі жайлы айтып беремін... Тыңдаймысыз, құрбым...

 

 

 

Нұрадинова Нұризат

Қызылорда облысы

Арал қаласы

Ұ.Қараманов атындағы №262 мектеп-

гиманзиясының 10 "А" сынып оқушысы

 

        #УПНДПКЗО