Мен кіммін?

Өсе келе адамдардың  ойына  "мен кіммін? " деген сұрақ туады .Əрине, Жаратушының  жаратқан  пендесіміз. Дегенмен  де қоғамда кім екеніңді  дəлелдеу  қиынға соғып жатады. Сағы сынып өмірден ешнəрсе жимадым ешкімде  емеспін деп түңілетін адамдардың  саны аз емес. Олар үшін өмірдің заңдарына бағыну түкке  тұрғысыз. Тек еркіндікті қалайтындай. Ал өмірде  кейбір  адамдар дүниенің  рахатына бөленіп,  өз орындарын табуда.  Уақыттың  əр  секундынан ләззат  алып, дəрежесін арттыруда. 

Ал  мен кіммін? Мен жасбуыны қатпаған,  əлі  де болса  өмірдің  қиындығына  төтеп бере алмайтын,  анамның  алақанында  жүрген бақытты  баламын. Алаңсыз ойнап -күліп, салауатты  өмірде  сапалы  білім алудамын. Бір сөзбен айтқанда  , бүгінде  мен Жасбуынмын. Болашақ  үшін  алдыма  мақсат қойып ұмтылудамын. Ертеңгі  күнде қоғамда өз орнымның болуын  қазірден  бастап  қалаймын əрі талпынамын. Өйткені талпыныс алға жетелейді. 

Жер  бетінде қанша  адам болса, сонша тағдыр бар. Оларға  тəн бір ғана  қасиет: олардың  бəрі  адам бірақ  əртүрлі.  Біреуінің  қоғамда  өз орны  бар , ал  біреудің бақыты  сор боп қиналуда . Бір адамдар болады:менмін  дейтін,  өкінішке  орай жаман жолға түсіп, ішімдікке  салынып,  бар бағынан  айырылып  өзін ешкім емеспін деп санайды. Тауы шағылып, сағы  сынғандардың ойын "мен кім едім?, Қазір кіммін? " деген сұрақтар  мазалайды. Олар өз жауаптарын басқалардан іздейді.  Алайда жауабын кеудесінде  соғып тұрған  жүрегінен  байқамайды. Адам талпынса биікке де , шыңға да шыға алады.  Ал қанша қалап тұрып  тырыспаса ,бір  қадам да жасай алмайды. 

Сөзімді  қорыта  келе айтқанда мен кіммін деген  сұрақтың  жауабын жүректеріңізден іздеңіздер.  Өйткені  жүрек  алдай алмайды.  Жүрекке  тағдыр да бағынады 



Бөлісу: