Кімде кім түсінің не себепті пайда болуын түсінбесе, онда ол кісі бойындағы фобия, жабысқақ ойлар мен сандырақ ойлардың пайда болу себебін түсінуге тырыспай-ақ қойса да болады. © Зигмунд Фрейд
Бүгін мен түсімде жақындарымның қалаға келгенін көрдім. Сол сәтте-ақ анам телефон шалды, маған туыстарымның Астанадағы Хан-шатырда тамақтанып отыр дегеніне өте қатты таң қалмадым. Әрине, естіген құлаққа күлкілі болып көрінгенмен,кейбір түстердің белгілі бір мағынасы бар екеніне сенімдімін.
1. Адамның түйсігінің осы шақта немесе өткен шақта болған оқиғаларына түс арқылы шолу жасауы. Мұндай түстерді ол болашаққа қатысы жоқ деп санады.
2. Болашақты түс арқылы көру немесе жору. Оның ішінде түстің мағынасын ашып білу де жатады.
Бұл теориялар, психологтың айтуынша, осы салада жұмыс жасаған көптеген психологтардың жұмысын оқып барып келген шешімі болған.
Кейбір түстер бұрмаланған түрде болады ғой, оның қандай мағынасы бар?
Әрине, бұл сұраққа жауап іздей келе, Дельбефтің әңгімесіне назар аудардым. Бұл әңгіме Фрейдтың жұмысынан алынған. Бірде Дельбеф түсінде қар жауып жатқан үйінің маңында жүріп, 2 кесіртке тауып алады. Содан кейін, жануарларды жақсы көргендіктен, оларды алып, үйіне кіргізіп, қабырға жаққа алып келіп қояды. Сол жерге гүлдің жапырағын алып келіп, оларға Asplenium ruta muralis деген ат қояды. Кенет көзін көтерсе, үй жағындағы ауласына бір емес, бірнеше кесірткелердің келе жатқанын байқайды.
Шындыққа қандай қатысы бар дейсіз ба?
Дельбеф бұл түсін көптен есінен шығара алмай жүреді. Гүлдің атын, тіпті, іздеп табады. Шындығында, бұндай гүл бар болатын, және Asplenium ruta muraria деп аталатын. Дельбефтің түсінде, әрине, кейбір әріптері шатасқан. Дегенмен, латын сөздерін білмейтін адам гүлдің атын латынша қалай атап қойды? Бұл түсті көргеннен кейін, он алты жыл өткеннен кейін, құрбысының үйіне барып, гүлдер салынған альбомды тауып алады. Түсін еске түсірген ол, asplenium деген бетті ашып, сол жақтан өзінің қолтаңбасын табады. Шындығында ол осыдан бірнеше жыл бұрын, құрбысының альбомын ақтарып жатып энциклопедиядан көрген гүлдің атын көшіріп жазып қойған екен. Кейінірек ол туралы, әрине, ұмытқан. Ал кесірткені көрген себебі: баяғыда бір журналға тіркелген кезде, соның ішінде "Кесірткелердің шеруі" атты суретін көргенін, кейінірек, ескі журналды қарап жатып есіне түсірді.
Бұл өмірде түстің бекерден бола бермейтінін сезіп жүрген боларсыз, бірақ шын мәнінде үңіліп ойлап жүрмеген де шығарсыз, кім білсін? Дегенмен, күнделікті анализ жасар барысында, бір мезет болсын, ойланып көріңіз, мүмкін, сіз де қандай да бір байланысты табатын боларсыз. Егер өмірімізге қатысы болмаса, түсімізге қалай кіреді?