XX ғасырдың бас кезі,қазақ халқы алғашқы революцияны басынан өткізді.Отаршыл патша үкіметінің езгісі жаңа кезеңге өтті.Қазақ халқын әдебиет,мәдениет,дін жағынан қыспаққа ала түсті.Сол уақыттары қазақ даласында газет басылымдары арқылы қазақ халық жанашырлары патша үкіметінің саясатына ашық көзқарастар білдіріп,халық санасын оятуға,бірлікке шақыруға тырысты.Қазақ халқының құқығы үшін күрескен,ғұмыры қысқа болған газеттердің бірі «Серке» газеті де,ондағы жарияланған М.Дулатовтың мақаласындағы ащы шындық пен өткір сөздері патша үкіметінің қазақ халқын бодандықта ұстауға мүмкіндік бермейтін үлкен қауіп екенін ұғынып,бұл газеттің басылымын тоқтатып тастады.Мақаланы оқып шығып, М.Дулатовтың батылдығына тамсандым,қазақ халқының қолында ешқандай билік болмаса да,арты өлім екенін біліп тұрса да батыл қадам жасай білді.Өз басын бәйгеге тігіп,қалам құдіреті мен елі үшін ерлік іс атқарды.Патша үкіметі үшін қазақ ағартушыларының,ақын,жазушыларының қаламдары қылыштан да өткір әрі қауіпті екенін анық білді.Мақаланың мақсаты патша үкіметінің құлағына болып жатқан жайттарды тура айтып,наразылығын білдіру мен қатар әрбір қазақтың жүрегіне жеткізу болды.М.Дулатов патша үкіметінің
сұм саясатын еш бояусыз жеткізді.Мақаланың алғашқы сөйлемінен-ақ рух,патша үкіметінің әрекетіне деген зілді байқайсың.М.Дулатовта өзге қазақ байлары сынды өз қамын жеп,патша үкіметіне жағымпазданып,тыныш өмір сүруіне болар еді.Алайда, М.Дулатов өлеңдерін оқи отырып,әрекеттерін сараласақ елім деген ер екенін ұғынамыз.Мақалада бұратана халықтарының жай-күйі еш бүкпесіз баяндалды,бұл бодан ел үшін үлкен ерлік.Б.Момышұлы айтқандай «Шындық-бұл ерлікке тәрбиелеудегі ең басты құрал».М.Дулатов шындықты батыл түрде жеткізу арқылы,күллі халықты жігерлілікке тәрбиелей білді.Әрине,ұлттың ұлы бола білген дара түлғаның бұл мақаласы саясат сахнасында өз орнын тапты.Бұл мақаламен қатар «Жастарға» деген өлеңі де жастардың жігерленіп,тарих сахнасында отаршыл саясатпен күреске бастауы болды.Мақаланың тақырыбы да тамаша таңдалынған.Мақаланың тақырыбының өзі оқырманның назарын бірден аударып,оқырманды ойға сала алды.
М.Дулатовты журналист ретінде мақаласын сараптап көрдік,қаламы өткір,қазіргі Тәуелсіз Қазақстан атты мемлекетке нағыз қажет журналист!Меніңше,саясат сахнасындағы соғыс ешқашан бітпейтін дүние.Халық,билік бар жерде жемқорлық,сұм саясаттың болуы заңдылық.Біздің А.Байтұрсынұлы,М.Дулатов,Ә.Бөкейханов аталарымыз патша үкіметімен күресті,қазақ халқының тәуелсіздігі үшін!Алайда қазір бізде ата-баба аңсаған тәуелсіздік бола тұра әлі де саясаттан жапа шегіп,демократиясыз мемлекет пен теңсіздіктің құрбаны болып келеміз.Яғни Тәуелсіз Қазақстанның да жағдайы мәз емес.Қазіргі таңда да шындық пен әділеттілік үшін шырылдап жүргендер бар,алайда олардың үнін шықпай жатып өшіретіндер көп.Бүгінде М.Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» сынды мақалалары ешқашан газет бетіне шықпайды.Дәл сол қазақ халқының қыспаққа алынған кезіндегідей шындықты еш қорықпастан газет,журнал,теледидар беттеріне шығарып барды бар,жоқты жоқ деп көрсететін жандар өте аз.Өйткені қазір біз өзге мемлекетпен емес,өз мемлекетіміз үшінде күрес үстіндеміз!Мемлекеттің өз ішіндегі саяси сахнада күресі өзге мемлекетпен күресуден әлде қайда қиынырақ...