Мəдени тынығу

Мəдени тынығу
жеке
блог

Мəдени тынығу - дем алу ,рухани лəзəт алу. Рухани - бұл ғылым, өнер, әдебиет тағы басқалар дептте ата кетуге болады .  Мəдени тынығу  құндылық, танымдылық жүйесі. Мəдени тынығу даму ,жеке тұлға ретінде қалыптастыру білімін сусындау деп түсінемін.Мəдени тынығу орталықтар театр  ,музей мен үшін кітапхана да жатады . Мен үшін мəдени тынығу орталығы бұл -кітапхана .Қазіргі таңда мен Қазақ Ұлттық Университетін Журналистика факультетінің  бірінші курс студентімін  уақытымның  көп бөлігі осы Əл -Фараби  университетінің кітапханасында өткізетінмін .Ең алғаш кіріп келгенде сезімді жан дүниесінің қалай болғанын сөзбен айтып жеткізе алмаймын.Ең алғаш келіп сабақ оқығанда таң қалғаным ішкі аурасының  қаңдай екені әлі есімде. Мен мұнда келгенде дем аламын рухани тыңығпмын, өз мамандығыма байланысты ғана емес көркем əдебиеттер оқимын уақыттың  кітап оқығанда қалай зырғып өткенінде байқамаймын . Бір сəт басқа әлемде секілді өзімді сезінемін  тыныш ірі жанға  жайлы.  Ал енді  Əл-Фараби  кітапхансы туралы айта кетсем . Орта Азиядағы жоғары оқу орындары арасындағы ең үлкен кітап қорына ие мекеме. Бүгінгі таңда кітапхана қоры 2 миллионнан аса кітапқа жеткен. Ғылым ордасының алғашқы іргетасын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы қалаған екен. Оның ашылу салтанаты 2013 жылдың наурыз айында өткен болатын. Кітапханамызда концерттер, көрмелер, бітірушілерді дипломмен табыстау, құттықтау би кештері т.б. ғылыми және қоғамдық маңызы бар жиналыстар өткізіліп тұрадыКітапханада студенттерге барлық жағдай жасалған. Мұнда абонемент және жылы оқу залдарымен қатар, конференция залдары, элекетронды бөлім жұмыс істейді. Жабдықтардың барлығы заманауи талаптарға сай келеді. Мұнда келген студент компьютер арқылы іздеген кітабының бар жоқтығын бірнеше минутта ғана тексеріп алуына болады. Іздеген кітап қолжетімді болып шығады. Өйкені, бұл — ҚазҰУ кітапханасы. Кітап адам өмірінде, әсіресе өскелең ұрпақтың өмірінде ерекше орын алады. Кітапсыз, еш білімсіз күніміз қараң болатын еді. Кітап оқу арқылы біз білімімізді шыңдап, сөздік қорымыз бен ой – өрісімізді кеңейтеміз. Сонымен қатар түрлі жанрдағы кітап оқу елді, жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, мейірімді, әрі төзімді болуға баулиды. Кітап біздің рухани жан азығымыз, ал кітапхана – білім мекені.

Әрине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың дамығанына орай кітап оқу мен мектеп кітапханасына жазылу қалып барады. Дегенмен, менің ойымша осы мәселені барынша қолға алып, мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар түрлі әдеби кештер мен іс – шаралар ұйымдастырылып, жастарды кітап оқуға үгіттеу жұмыстары жүргізілсе, бұл мәселе оң шешімін табады деп ойлаймын. Сонда мектеп кітапханысының қоры көбейіп қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді деп есептеймін.