Мамандық таңдаудағы қателіктер

           Халқымыз адам екі нәрседен қателеспеуі керек,  соның бірі мамандық деп бекер айтпаса керек. Мамандықты таңдау бұл болашағыңды таңдаумен бірдей десек қателеспейміз. Себебі,  сен сол мамандығыңда жұмыс істеп өз наныңды табасың. Қазір жас түлек,  жастар мамандықты дұрыс таңдамай,  өздеріне де,  қоғамға да кері әсерін тигізіп жатыр.  Бұл қандай қателліктер? Қателікпен таңдаған мамандықтың қоғамға  кері әсері қандай? Осы сұрақтар басрысында ой толғаймын.

           Біріншіден, қателесу себебін анықтап алайық. Көбісі оқу орнының қолайлы,  ыңғайлы болуына байланысты,  өзі қаламаған мамандықты таңдайды. Сондай ақ ата - анасының қарсылығы. Ата - ана,  туыстарының ұсынған мамандығына келісе кетуі,  және де өздеріне не керектігін түсінбеуі. Менің ойымша оқу орны қолайсыз,  ыңғайсыз,  тіпті бағасы қымбат боп жатсада,  оқимын десе еш нәрсе кедергі жасай алмайды. "Қалауын тапса,  қар жанар",  деген мақал осыған дәлел шығар. 

           Екіншіден айтарым,  ата - ана сөзіне еру деген бұл мүлде тыңдамау керек дегенді білдірмейді. Иә дұрыс,  ата - ана сендерге жақсы нәрсені тілейді,  өмірлік тәжрибесіде сізден көбірек. Бұл  жағдайда сіз жәйғана ата - анамен ақылдасып,  түсіндіруіңіз керек деп ойлаймын. Түптің түбінде келешекте таңдаған мамандықпен сіз жұмыс істейсіз.  Сол үшін саналы түрде ойланып,  мамандық таңдағаныңыз жөн.

            Үшіншіден, өзіне не керектігін білмеуі деп айттым. Бұл дегенім мектепте балаға мамандық таңдауда, өзін дамытуға арналған нұсқаулықтардың болмауында. Бала әр түрлі түрғыда, өзінің қай салада жақын екенін тексеретін тесттерден өтуі керек. Немес адам қабылиетін анықтауға арналған Gallup тестінен өтүіне кеңес беремін. Қазыр заманымыз дамыған,  желілерден ізденіп,  тесттерден өтіп және сұранысқа ие салаларды біліп мамандық таңдағын жөн.  Мен не үшін қоғамға кері әсері бар деп айттым? Себебі,  қызығушылығы жоқ мамандықты таңдайды, оқиді,  оқуын бітіреді.  Жұмысқа кірсе өз жұмысын көңілдегідей,  кереметтей,  жоүары деңгейдке атқармайды.  Тіпті болмаса жұмыс жоқ,  деген сылтаумен жұмыста істемейді. Ол мамандардың жетіспеушілігіне,  әлеуметтік теңсіздікке, даму үрдісінің әлсіреуәне алып келеді. Ал өзіміз білетіндей болашақ жастардың қолында.

           Сөзімді қорытындыласам, әр мамандықтың қызығы мен шыжығы қатар жүреді. Бүгінгі оқыған мамандықғ  ертеңгі күніміздің жемісі болмақ.  Мамандықты саналы түрде, ақылмен,  жүрек қалауымен таңдағыз. Бұл сіздің өміріңіз,  өміріңізде қызыққан салада жұмыс істеп үлкен белесьерді бағындыра аласыз. Ыңғайлысын таңдасаңыз уақыт өте келе ол да сізге ыңғайсыз болады. Қаламаған,   құлшыеысыңыз жоқ нәрседен өзіңізге де пайдалысын өндіре алмайсыз. Жүрек,  жан,  тән қалауын тыңдаңыз. Бүгінгі күніңізді,  ертеңгі күніңізді емес болашақты ойлап қадам басыңыз. Біреуге дәлелдеу үшін де басқа саланы таңдамаңыз. Өмір бір рет қана беріледі,  сізде өзіңізде жалғызсыз. Сол себептен де өзіңізді бағалаңыз,  өз қалауыңызбен әрекет жасаңыз,  қиін жұмыс болоса да өзіңізге ұнайтын жұмыс жеңіл көрініп, сізге шаршау емес қуанышты көңіл күй, жұмыстан рахаттану сезімдерін сыйлайды.  Дұрыс мамандық бұл келешектегі бақытты бағыт.  

Бахитжанова Халимям



Бөлісу: