Қазіргі қоғамда журналист қызметінің қолданылу шеңбері күн сайын кеңейіп,үлкен әлеуметтік сұранысқа ие болып отыр.Өйткені журналист мамандығы өте танымал жұмыс,көптеген мемлекеттерде арнайы оқу орындары ашылған,журналисттерді даярлай бастады, университтерде осы мамандыққа түсу екінің бірінің қолынан келе бермейді,сондықтан бұл мамандық ізденісті талап етеді.Қазақта"Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі"-деген мақал бар,сондықтан бұл мамандық тікелей осы мақалға негіз болады,өйткені журналист теледидардан немесе басқа да,газеттерден сөйлеу мәнері дұрыс болуы керек,оны мыңдаған халық көреді.
Журналист газет-журнал немесе радио мен теледидар жұмысын атқарып,шығармашылық қызмет жасайды.Ол редакция жұмысында бірінші-ұйымдастырушылық,екінші-әдеби өңдеу,үшінші-шығармашылықпен айналысады.Қазіргі қоғамда қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен,сенімді түрде көз жеткізліп жазатын,уақыт ағымын жақсы түсінетін,идеяға толы материалдар жазып жұрттың назарын аудара білетін "қоғамдық қайраткерлер" сұранысқа ие.Сондай-ақ журналисттен өз ісіне деген адалдық,көпшіл жұртпен тез ортақ тіл тапқыш болуы жинақы,қиын жағдайдың өзінде жұмыс істей алатын және сезгіш болуды талап етеді.Қысқасы,белгілі аксиомада айтылғанындай,бір пайыз талант болса,тоқсан тоғыз пайыз-еңбек.Түсініп отырғаныңыздай,отбасы мен бала тәрбиесіне жауапты қыз баласына бұл саланы бірге алып журу мүкін емес дейміз қолдан келмейтін нәрсе жоқ.Қазақстанның өзінде "төртінші билікті"де,отбасылық өмірді де,дөңгелетіп алып жүре алатын қайсар қыздар жеткілікті.