Махаббат сезімі деген не?
блог
Махаббат...бір сөз-өмірлік сезім. Махаббат сезімін кез-келген адамнан табуға болады. Махаббаттың машақатын тартып, өмірін құрбан еткен талай ғашықтарды, еліне деген махаббатының күшімен жерін қорғап, өмірін қиған талай жау-жүрек батырларды білеміз. Керісінше сол өмірлік сезімінің арқасында бақыттқа кенелген жандарды да естиміз.
Жалпы, махаббат ұғымына келгенде сөзге шорқақпын. Неге екенін білмеймін, мүмкін, махаббат "лимитін" шектен тыс қолданып, шынайы сезімнің ауылынан алшақтап кеткенімнен болар. Сезімнің талай түрін көрдім. Біреулер сүймесе де "сүйем" деді, мен де "сүйем" дедім. Біреулер шын сүйіп тұрып "сүйем" деді, мен керісінше "сүймеймін" дедім. Махаббат заңы солай шығар сен біреуді ұнатарсың, ол сені ұнатпайды, сені біреу ұнатады, бірақ сен оны ұнатпайсың...
Мені көп жағдайда бір сұрақ мазалайды. Адамның шын сүйетінін қайдан білуге немесе сезуге болады? "Сүйем, сен үшін өлем" деген сөздерін жерге тастап кете берген көп жанды көрдім.
Сезім жайлы сіздің ойыңыз қандай?