Мағжан атамыз қандай жастарға сенді?

М. Жұмабаев бабамыз қандай жастарға сенді?
Осы кейбір жиынның сəнін келтіретін,мұғалімдеріміз жиі айтатын өлең жолдардың бірі "Арыстандай айбатты. .."-деп басталады.Осы өлең жолдарын кейбір адамдар толық нұсқасын көп жағдайда айтпай қалып жатқаны байқалды
Мағжан атамыз сонымен тағыда қандай жастарға сенім артты көрелік:
   Қажу бар ма тұлпарға,
   Талу бар ма сұңқарға?!
    Иман күшті оларда,
     Мен жастарға сенемін!..

  Алаш-айбынды ұраны,
Қасиетті құраны.
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемін!
  Демек " Иманды" иманы күшті жастарға сенді ,иманды жас дегеніміз кім?
 Жүрегінде иманы бар адам еш уақытта жаманшылыққа бармауға тырысады ,себебі ол өзін бақылап тұрған жаратушы хақ болған Алла тағаланың көріп,бақылап тұрғанын біледі,сол себепті қазақ атамыз "Құдайдан қорықпағаннан қорық"деп бекер айтпағанды!
   Мектеп оқып жүргенімде аса мән бермеппін,алайда қарап отырсаңыз қазақ халқының қаймақтары болған  зиялылардың біраз бөлігі алғаш сауатын кімнен ашты?Дұрыс айтасыз,алғаш сауатын молдадан алған !
 Бұл дегеніңіз ол кісілер  ең алдымен  өз дініне өте бекем болған ! Менің ойымша қазіргі жастарымыздың жат ағымға еріп кетуінің ең басты себебі осы діни сауатсыздық.Біздің қайсібіріміздің үйімізде "Балам,біздің дініміз ислам мазхабымыз Әбу Ханифа "деп айтылады!
Ия,түсінемін біраз жылдар бойы кеңес өкіметінде болдық ол кезде бұндай нәрсе айтылмағанды,сол себептен де діни сауатысыз болып қалған шығармыз!
 Құдайдан қорыққан адам ешқандай жемқорлыққа да,біреудің малын жеуден,біреуге қиянат жасаудан ,жетімнің ақысын жеуден қорқады сол себептен ол адам ондай жаманшылыққа бармайды себебі асыл дініміз ондай нәрселерден қайтарады емес пе?
  Сөзімнің басында жазғанымдай Мағжан атамыз "Мен жастарға сенімін"өлең жолдарында не деді?"Алаш айбынды ұраны!Қасиетті құраны!"деді енді осы қасиетті біз оқып жүрген құран тек қана өлілреге,қойға немесе шелпекке оқитын нәрсе емес ! Әсілі ол адамдарға ескерту, яки бұл өмірдің нұсқаулығы бұл туралы бөлек бір блог жазармын.Осы құраннан кішкене мысал келтіре өтейін, "МУТАФФИФИН"сүресінде таразыдан жеушілер туралы былай дейді:

 

بسم الله الرحمن الرحيم

وَيْلٌ لِلْمُطَفِّفِينَ

1.    Өлшеу-тартуда кеміткендерге нендей өкініш!

Біреуге өлшеп берсе біраз кемітіп, ал өздеріне тартып алса біраз көбейтіп жататындарға азап пен құрдым болсын!

الَّذِينَ إِذَا اكْتَالُوا عَلَى النَّاسِ يَسْتَوْفُونَ

2.    Олар қашан өлшеп алса, толық (өлшеп)
алады да

Олар адамдардан өздеріне өлшетіп алатын болса, толық етіп алады. Бұл аят әрбір таразыдан алдайтын адамға қатаң ескерту. Алла Тағала Шұғайып  пайғамбардың қауымын таразыдан ұрлағаны үшін жойып жіберген еді.

وَإِذَا كَالُوهُمْ أَوْ وَزَنُوهُمْ يُخْسِرُونَ

3.    Ал, өздері өлшеп немесе тартып беретін
болса, кемітеді.

Ал, адамдарға тартып беретін болса, таразыдан азайтып, кемітіп береді.

أَلَا يَظُنُّ أُولَئِكَ أَنَّهُمْ مَبْعُوثُونَ

4.    Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма?

Таразыдан алдайтындар өздері ертең тірілетіндігін, амалдары үшін есеп беретіндігін ойламай ма екен? Бұл іс-әрекетінің соңы немен тынарын ойламай ма?

لِيَوْمٍ عَظِيمٍ

 

Осы сияқты біраз сүрелер мен аяттар бар, ал осыны білген иманды жан қалайша күнәға бармақ!

Менің блогым біреуге қызық болса меніңде шабытым келіп одан әрі жаза түсемін,ендеше құрметті оқырман сізге блогым қызық болса лайк басып пікірлеріңізді білдіре отырыңыздар!

  Ендеше иманды жастарымыз көп болсын!




Бөлісу: