Маған да бір адам керегі анық ...
блог
Кейде ойлаймын, ішіңдегіні айтатын адам таппағанда, жазу арқылы ақтаратын бір сенімді жерің болғаны қандай жақсы деп. Массагетке кезекті бір «мұңымды» шаққым келеді. Ол «мұң» бәлкім болмашы қиындық болар. Дегенмен, тас түскен жеріне ауыр дегендей, ауыртпалық, жауапкершілік сенің мойныңда болған соң, оның жүгі де тек өзіңе ғана білінеді ғой. Басқаларға сөзбен жеткізгенің болмаса, айтарлықтай проблема болып көрінбеуі мүмкін. Сол секілді, жұмыста болып қалатын қиыншылықтар, адамдармен келісе алмауың, түсіндіргің келген дүниені өз деңгейлерінде айтып жеткізе алмауың, олардың саған көзқарасының өзгеруі, ауыр сөздер айтуы, немесе басқа адамдармен салыстыруы бәрі-бәрі өте ауыр тиіп жүр. Өмірдегі ең ұнатпайтын нәрсем- басқа адаммен салыстыру.
«Ана кісімен жұмыс жасағанда бұлай болып еді, сенімен олай емес, немесе ол кісі былай жасайтын еді, сен неге олай жасамайсың?»-деген сыңайдағы сөздер, маған мені кемсітіп не қолынан түк келмейтін адам секілді сезіндіреді. Сол себепті де ұнатпаймын. Менің де өз пікірім, өз ұстанымым, өз мақсатым барын олар есепке алмайды. Неге? Өйткені, олар өзгерісті қабылдай алмайды. Бұрынғы дүние, менің алдымда жұмыс істеген адамның жолы сол күйінде қала беруі керек. Һәм, ол өзгерсе олардың да бірдеңесі өзгеріп кететін сияқты. Бәлки, кейбір ұстанымдары дұрыс та болған шығар, бірақ, менің бағытымнан олар ұтпаса, осы уақытқа дейін ұтылып көрген жоқ қой. Көп жақсылықты, бір қателік шәйіп кететін заңдылық, осы жолы автоматты түрде іске қосылды. Демек, менің барлық жұмыстарым осы уақытқа дейін дұрыс емес болып келген. Яғни, қаншама еңбектерім, уақыттарым, ойларым мен жүйкемді тоздырған есеп-қисаптарымның бәрі далаға кеткені.
Кейде, мінезім неге қатал болмады, неге маған айқайлап сөйлетін адамдармен сол дәрежеде сөйлесетін тікбақай мінез бен турашылдық бермеді деп қапаланамын. Қарсы сөйлей алмайтын мінезімді өз пайдаларына асыратын адамдарды түсіне алмайтын секілдімін. Неге? Неге? Неге? Әлде мінезіме өзгеріс керек пе? Мен де олар секілді «ә» десе «мә» дейтін адам болсам ба? Жоқ, өз үлесін басқаға жібермейтін адамдарға қызыға да қызғана да қарайтын өзімді ондай мінезде елестете алмаймын. Көп кешіру, қателіктерге, алдауға, жүректі жаралауға көз жұмып қарайтын маған да бір адам керегі анық... Түсінетін, қолдайтын...
Жүректегі сенім деген дүниенің тек ұшқыны қалып бара жатқанын сеземін. Себебі, ағынан жарылып сөйлеп тұрған адамды көрсем, «Әй осының сөздерінің артында бір өтірік бар секілді»-деген күдік пен күмән қатар тұрады. Қазір келіссем, бұл тағы алдап кетеді деген оймен ешкімге сенбейтін де болдым.
Бір жағынан, қатты бір аңғалдығым жоқ секілді еді, мүмкін өзімнен гөрі өзгенің көңілін ойлап тұратыным кедергі шығар? Соны өзгертсем бе? Бірақ, эгоист болып өзімді ғана ойлау...жо-жоқ Карл!, менің қолымнан келмейді. Оған дәтім де жетпейді екен. Енді қайтпек керек? Қалай етсем дұрыс? Жүрекке жақын қабылдағыштығым бір күні түбіме жетеді-ау деген қорқынышым да бар.
Әрдайым позитивті ұстап жүру де оңай емес. Біреуді ренжітіп алсам қайтем деген үреймен жүретін адамды, неге басқалар ренжітуге құмар тұрады? Жылағым келеді....айта алмайтын дүниелерім әлі қаншама екенін ойласам...безіп кеткің келеді....Бірақ, сабыр...Өтеді, кетеді...өткінші...деп өзімді алдап-алдап жүре бересің...