Қазіргі заманда адамдардың көбісі қара бастарының қамын ойлап қалғаны жасырын емес. Қоғамда сан түрлі жағымсыз оқиғалар орын алып жатыр. Ақшаға құныққан , байлыққа мастанған адамдар өкінішке орай, күннен-күнге көбеюде. Тіпті, туған- туыстарын да ақша үшін өлтіруден тайынбайды, бейкүнә сәбилерін де сатып жібере салады. Бәрі оп- оңай. Адамдардың бір-біріне махаббаты да әлсіреп бара жатыр. Айналадағылардың көбі жасанды: жасанды достық, жасанды ниет, жасанды құрмет т.б . Жүзiңе жымиып тұрып, артыңнан әңгiме айтады. Біз осындай сұрқия заманда өмір сүріп жатқанымыз ақиқат. Осы бір сұмдық заманда кіп-кішкентай бейтаныс бүлдіршіннің бауырмалдылығы көкейімде жатталып қалыпты. 2014 жылы 16- сәуірде әлемді дүр сілкіндірген, жантүршігерлік оқиға болғанын біреу білсе, біреу білмес. Әсіресе, корей халқының қабырғасын қайыстырды. Сәуірдің он алтысы күні «Севол» паромы Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауында апатқа ұшыраған болатын. Көзді ашып-жұмғанша да, бір жылдың жүзі болыпты. Қаншама, жас жеткіншектер қыршынынан қиылды . «Ажал айтып келмейді» деген рас екен ғой... Жаңағы балдырғанның ата-анасы да осы апаттан мерт болған. Қарындасы екеуі де ауыр жағдайға ұшырады , құтқарушылар біреуін ғана құтқаруларына тура келген. Себебі екеуін бір мезетте су бетіне көтеру ауырға соққан. Ол кішкентай болса да, қарындасына деген махаббатын дәлелдеді . Қарындасы үшін басын бәй тігіп, өзін құрбан етті. Осы бүлдіршінді есіме алсам, көзіме еріксіз жас келеді де тұрады. Түсіне білген адамға, бұл балақайдан үйренеріміз көп... Бәрінің де топырағы торқа болсын! Әлемде енді осындай қатерлі, қайғылы жағдай орын алмасын деп тілеймін!