Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісі
блог
Мәди Бәпиұлы Қаракесек руынан шыққан,Қарқаралыда дүниеге келген.Ол өзінің туған жері Қарқаралының сұлу табиғатын,әсем келбетін,басынан бұлт кетпейтін заңғар тауларын жырға қосады.Ол өзінің туған жеріне сыймай,өсекшілер мен жағымпаздардың кесірінен елін,жерін тастап,Қараөткелде жыл қыстап шыққанын,сонда жаты, қатты сырқаттанып қалғанын,жақын адамының болмағынын күйзеле өлеңіне қосады.Жазықсыз жала жабылған кезде,сайғақ құрлы болмай,туған жерінен бір тыныш таппағанын,бір атадан қалған жалғыз тұяқ болғандықтан,ешкімнің жаны ашымайтынын,кіндік кескен жерін қимай-қимай тастап кете барғанын жырлайды.Әр өлеңінде «туған жерім,елім,кір жуып,кіндік қаным танған жерім» деген жыр жолдары бар.Әрбір ер жігіттің басына қиындық туған кезде жастық дәурені,балалық шағы өткен жерін қимастықтан еске алады.Жас адамның өмірі найзаның өткір жүзіндей екенін,қайда қадаса сол жерге сіңіп кетуге болатынын айта келіп,бірақ бәрібір өз туғаан жеріне ештеңе жетпейтінін жырға қосады.Мәди заманындағы халық арасындағы алауыздықты,өсекшілдікті,өтірік айтушылықты,мінездерін өлтіре сынап,осындайлардың кесірі қаншама жақсы – жайсаңдарға тиіп,өмірлерінің қор болғандарын айтады.
Қорыта айтар болсам, «заманың түлкі болса,тазы болып шал» дегендей,бойыңдыжаман әдеттерден аулақ ұстау керек.Ешбір адам кіндік қаны танған туған жерінен безінбесін дегім келеді.Әркімге өз елі,өз жері ыстық.Туған жердің ауасы,суы,тезегі,ешкімнің есінен де,ойынан да кетпес.Өсек пен жағымпаздық Абай атамыз айтқандай,адамның өміріне заласын тигізетін дұшпандық.