М. Мағауинның "Көк мұнар" романы
блог
М.Мағауин – талантты суреткер. Ол кейіпкер бейнесін қағаз бетіне сөзбен сомдағанда майлы бояумен кенепке салған суреттей өте анық, өте бедерлі бейнелейді. Оның табиғаты, оның кеңістігі – кәнігі пейзаж картина. Оқыған кезде көз алдыңа елестеп, кейіпкермен бірге оқиға кеңістігіне ойша шарлап кетесің. Әрине, бұл сөзсіз жазушы құдіреті! Мұхтар Мағауин сол құдіретімен ұлттық құндылықтарымызды сақтау үшін, ұлттық сезімдерімізді ояту үшін, болашақ ұрпаққа рухани азық қалдыру үшін кесек-кесек төл туындыларын өшпес мұра қылып қалдырды. «Елді ояту үшін, тарихты ояту керек», – деп ғалым М.Жолдасбеков айтпақшы, ғасырлар бойы тұнба боп шөгіп қалған тарихты ояту үшін де ұлы күш керек. Сол ұлы күшті игеріп, өз шығармаларында өткен тарихты негізгі нысанасына алған бір адам болса, ол – М.Мағауин.
Aуызeкi cөйлeу тiлiндeгi фpaзeoлoгизмдep көpкeм туындылapдa жәнe күндeлiктi қapым-қaтынac бapыcындa кeңiнeн жұмcaлaды. Кeйiпкepгe мiнeздeмe, пcихoлoгиялық жaй-күйiн cуpeттeудe, тiлдiк мiнeздeмe бepудe қoлдaнылaды. М.Мaғaуин шығapмaлapындa қoлдaнылғaн фpaзeoлoгизмдepдiң кeйiпкep бeйнeciн жacaудaғы, oның мiнeз-құлқын, әpтүpлi пcихoлoгиялық жaй-күйiн, iшкi ceзiмiн, тoлғaныc, тeбipeнiciн әcepлi дe дәл жeткiзудeгi қызмeтi epeкшe. Жaзушы шығapмaлapындaғы тұpaқты тipкecтep кeйiпкep пopтpeтiн бepудe дe ұтымды қoлдaнылғaн. Мaқaл-мәтeлдep мeн қaнaтты cөздep кeйiпкepлepдiң шeшeндiгiн, aқылдылығы мeн тaпқыpлығын т.б. қacиeттepiн бepудe, oйды acтapлaп, тұcпaлдaп жeткiзудe opынды жұмcaлғaн. «Aлacaпыpaн» poмaнындaғы мaқaл-мәтeлдepдiң қoлдaнылуы туpaлы Т.Cыдықoв: «М.Мaғaуин көбiнe мaқaлдapды oйдaн шығapaды, филocoфиялық мaғынacы caлмaқты, бiтiмi мiнciз қaшaлғaн мaқaлдapы eл бipлiгiн, epлiктi, ынтымaқты, кeмeлдiктi нacихaттaп жaтaды.Oндaй тaқыpыпты aшып, шығapмa мaзмұнын тepeңдeтe түceтiн мaқaлдap тудыpу әpeкeтi бacқa тapихи poмaндapдa көп ұшыpaca бepмeйдi» – дeй кeлiп, «Aлacaпыpaннaн» мыcaлдap кeлтipeдi: eл eкeу бoлca, дaу төpтeу бoлaды; қapaның қыбын тaбу – хaнның пapызы, eлдiң epкiнe жығылу – бeктiң пapызы; хaн қacындa қapaшa, cұлтaн – тiзгiн, би – aуыздық, бaтыp – қaмшы; iciң құpдымғa кeтciн дeceң, тiзгiндi әйeлгe тaпcыp т.т.
Шығapмaдa көpкeмдiк кoмпoнeнттepдeн epeкшe көзгe түceтiнi – пopтpeт. Қaлaмгep әp қaһapмaнның, эпизoдтық тұлғaның қaйтaлaнбac кecкiнiн нeмece әp тұcтaғы жaн тoлқуымeн тaмыpлac жaңa өpнeктepiн шeбep кecтeлeйдi:
Нoғaйлap – ши мoйын, қaмыc құлaқ, cepкe caн cәйгүлiктepгe мiнгeн, тeгic қapулы, өңдepi cуық; тoбылдық, epтicтiк тaтapлap – жaтaғaн, жaғы жүндi, cиpaғы coм, бeлдi aттapғa мiнгeн, қapулapы әpқилы: бұқap caдaғы, қaзaқ қылышы, бapaбa қopaмcaғы бip кiciнiң бoйынaн тaбылa бepeдi, көбiнiң caуыты көн; aзғaнa ecтeк өздepiнiң дөңгeлeк тepi тoндapын, кeлтe төбe бacтыpғы тымaқтapын кигeн, қыcқa, қaйқы қылыш бaйлaнып, дoғaл caдaқ acынғaн; бұхapлықтapдың, caнылepдiң ұpпaғы, бұдaн oтыз жыл бұpын Көшiммeн бipгe кeлгeн capбaздapдың бaлaлapы, Ceйтeктi caғaлaушы жaлғыз-жapым жoлбacap жiгiттep – бұлap тeгic қымбaт шaпaн киiп, acыл қapу-жapaқ acынғaн, aттapы дa әлeм-жәлeм. М.Мaғaуин шығapмaлapындa ocылaйшa кeйiпкepлepдiң cыpт бeйнeciн, бeт-әлпeтiн cуpeттeгeндe coғaн қoca oлapдың киiмiн, қapу-жapaқтapы мeн мiнгeн aттapынa дeйiн бүгe-шiгeciн қaлдыpмaй жaн-жaқты cипaттaп бepу жиi кeздeceдi. «Aлacaпыpaн» poмaн дилoгияcындa қoлдaнылғaн ocындaй пopтpeттep кeйiпкepлepдiң киiм-киiciн, қapу-жapaқ, caуыт-caймaндapын, жүpic-тұpыcын cуpeттeу apқылы қaзaқ хaлқының coл зaмaндaғы этикaлық-этнoгpaфиялық caлт-caнacынaн хaбap бepeдi. Хaлықтың тұpмыс-тipшiлiгiн, әлeумeттiк жaғдaйын көpceтeдi. М.Мaғaуин шығapмaлapындa қoлдaнылғaн бipiн бipi қaйтaлaмaйтын, бip-бipiнe ұқcaй бepмeйтiн әpбip пopтpeт кeйiпкepдiң cыpтқы пiшiнiн, бeт aжapын жaн-жaқты, тәптiштeп cуpeттeумeн қoca, нaқты дeтaльдap, көpкeм штpихтep apқылы oның бacқa қыpлapын дa, мiнeз-құлқын, aдaмдық cипaтын, көңiл-күйiн, iшкi жaн дүниeciн aшып бepe aлaды. Әp кeйiпкepдiң өзiндiк epeкшe бeлгiлepi мeн aйpықшa қacиeт, әдeттepi шeбepлiкпeн aшылып, кeйiпкep бeйнeciн oқыpмaнғa мeйлiншe түciнiктi eтiп бeйнeлeйдi. Coндықтaн жaзушы шығapмaлapындaғы кeйiпкep бeйнeciн бepудeгi eң нeгiзгi әдicтepдiң бipi пopтpeт дeугe әбдeн бoлaды.
Мағауиннің білімдарлығын ерекше атап өтуімізге болады. Едігенің айтқан сөздері мен жасаған әрекеттеріне мән беріңіз. Ерекше талант, асқан білімдарлық. Мәселен, О.Бөкейдің «Аспирант қыздың тракторшы жігіті» шығармасын алайық. Ондағы кейіпкерлерде асқан білімдарлық байқалмайды. Ал Мағауиннің жай кейіпкерлерінің өзі білімді, оқымысты болып көрінеді. Мағауиннің әдебиетімізге алып келген келесі бір жаңалығы – эстетикалық деңгейі биік кейіпкерлер. Ол қойшыны суреттесе де, эстетикалық талғамның бар екені білініп тұрады. Мысалы, М.Мағауин кейіпкері Әсияға ғашық болған Қойшыбек деген жігіт. Қазақстаннан Россияға қашып кеткен Әсияның артынан барып, күйеуін жекпе-жекке шақырады. Бір қарағанда, кейіпкердің әрекеті орынсыз. Дегенмен соңында Қойшыбек жеңіліс тауып, сөзінде тұрып, кері қайтады. Мұның өзі – мәрттік, белгілі бір эстетикалық деңгей. Сөзде тұра білу де – үлкен өнер. Тіпті Күләннің өзінде эстетикалық деңгей бар екенін айтуға болады.
Көркем әлемінің тағы бір маңызды ерекшелігі, ғалымның пікірінше, нақты әлемді шектеулі, қысқартылған нұсқада шығару. Д.С. Лихачев: «Шығарманың көркемдік әлемі шығарманың идеялық жағын оның сюжеті, фабуласы, интригасы сипатымен біріктіреді. Ол шығарманың тілдік стиліне тікелей байланысты. Бірақ ең бастысы: ауызша шығарманың көркемдік әлемі шығарманың немесе автордың жалпы стилімен, әдеби бағыттың стилімен немесе «дәуір стилімен» анықталатын ішкі бірлікке ие» деген. Ю.М. Лотман қаламгердің поэтикалық әлемін зерттеген мақаласында көркемдік әлемді шығарманың тілімен тығыз байланыстырады. Осылайша, Лотман жазушының барлық мәтіндерінің жиынтығын бір мәтін ретінде қарастыру идеясын ұсынады. Бұл жазушының көркемдік әлемін түсіну үшін белгілі бір шығармамен шектелуге болмайды дегенді білдіреді. Өйткені, жазушының көркемдік әлемі – бұл мотивтер мен поэтикалық формалар деңгейінде айқын көрінетін өзіндік қарым-қатынасы бар жүйе.
М.Мағауиннің қаламынан туған қай шығарманы алып қарасақ та кейіпкерлері бір-бірін қайталамайды. Жазушы өз кейіпкерлерін жеке тағдырымен, өзіндік сөз саптауымен ғана емес, өзгеге ұқсамайтын саналы тұлғасымен де, парасатты ойларымен де ерекшелендіреді. Мысалы, «Қыпшақ аруындағы» Саржанның бейнесі, «Жармақтағы» Мұрат (Марат), «Көк мұнардағы» Едіге бәрі-бәрі оқыған-тоқыған интеллектуалды көркем бейнелер. Олардың интеллектісі, ақыл-парасаты оқиға барысында ашылады да, оқырманды эстетикалық күйге бөлегені бір бөлек, тым терең философиялық ойларға да жетелейді. Қазақ прозасындағы Мұхтар жасаған интеллектуал образдардың бірі – «Көк мұнар» романындағы Едігенің бейнесі. Едіге – ғылым жолына түскен аспирант-филолог, 22 жаста, ойы ұшқыр, сөзі ауыр, өзіне үлкен талаптар қоя білетін және қойған талаптарына тынбай қызмет ететін ізденімпаз. Қызбалығы мен өзіне жарасатын өркөкіректігі және бар. Шешендік өнер, көркем әдебиеттен бөлек, тарихи білімнен де кенде емес, философиядан да өзінше ой қорыта алады. Жазушы М.Мағауин Едігенің көркемдік бейнесін жасау барысында құр суреттеуге көп бара бермейді. Оның интеллектісі көбіне оқиға барысында ашылып, диалогтар ішінде немесе ішкі монологтары арқылы көрінеді.
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін жасауда автор портрет, мінездеу, диалогтардан бөлек түрлі тілдік құралдар мен көріктеу құралдарын да шебер пайдаланған. Мәселен, романнан фразеологизмдер мен теңеулердің, метофоралар мен метонимиялардың, эпитет пен синекдоханың түр-түрін табуға болады. Мысалы, «Жемге үйренген асыранды малдай, Жауыннан соңғы атқұлақтайбасы кегжие қалыпты, Мойылдай қара көзі, қолмен қырнап, әсем қалыпқа түсіргендей имек, қара саржа қасы иығына толқындана төгілген қап-қара шашымен астасып, жаңағы қызылы бірте-бірте тарап бара жатқан аққұба өңге ерекше жарасымды кейіп береді, Ақыры, бойын кернеп тұрған бұл реткі барлық ойы болат қаламның ұшынан көк сия арқылы сыздықталып, ақ қағаз бетіне таңбалана, таңбалана келе, серпіні әлсіреп, түгесілген шақта, көкірегі де ішіндегі бар қымызы сарқылып алынған күбідей қаңырап қалып еді, Едіге дәл осы сәтте өзінің басы бұлтсыз, ашық көк аспандай тұнық, ал рухы шырқау биікте қалықтаған қырандай еркін екенін сезінді, Бірақ түптің-түбінде қайсар рух пен қара күш алты айыр тілді кесті, құмырсқадайқайнаған көп әскерді шілдің тезегіндейтоздырды.Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі төрт түлік малға байланысты болғандықтан, тіліміздегі көптеген ұғым-түсініктерді білдіретін бұл атауларды ауыспалы мағынада қолдану өте жиі кездеседі. Автор қазақ халқының сан жылдар бойы неше түрлі қырғыннан өткенін жаны қинала отыра суреттейді. Тұтас халықтың мінез-құлқын ерекшеп, теңеу сөздер арқылы көрсетеді. Мешіттерін қиратты, сарайларын құлатты, Мұхамедтің ақ сәлделі үмбеттерін қойдай бауыздады. Қазақ – қой мінезді, айтқанға көніп, айдағанға жүре беретін жуас халық. Соған орай тілімізде, «қойдай жуас», «қойдай момақан», «қойдай иіру» сынды тілдік бірліктер қалыптасқан. Сөйлемде берілген Мұхамед үмбеттері – қазақ ұрпағы. Қойдай бауыздау теңеуі де осыны танытады. Осы көгілдір тұман, сағымды мұнар ішінде үкінің мамық қауырсынындай қалқыған рахат күйдің қаншаға созылғанын екеуі де білмеді. Үкі – мамық жүнді құс болғандықтан, автор бұл тіркесті орынды қолданған. Үкінің мамық қауырсынын көгілдір тұман ішіндегі қалқыған рахат күйге теңеп тұр. Жігіттің суық жыландай жылжып, төмен бойлап түскен қолын қағып алды. Қазақ халқы әр сөздің орнын білетін, әр сөзді жүйелі, орынды қолдана білетін дана халық. Сөйлемде берілген суық жыландай теңеуі де осыны танытады. Жылан – зымияндықты, қастандықты білдіретін жануар болғандықтан, оны арам адамдардың жағымсыз іс-әрекетін сипаттауда қолданады.
Қазақ сөз өнерінің білгірі Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Əдебиет танытқыш» атты еңбегінде «Сөз жазатын адам əрі жазушы, əрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дəмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек» дейді. Қаламгер əрі зерттеуші ғалым М. Мағауиннің «Мен» романында бой көрсететін шығармашылық тұлғасында осы үш қасиет те тоғысқан. Аса білімдар жазушының дара дарыны мен оқыған жанды тəнті ететін талантына телегей-теңіз білімі қосылып, оның шығармашылық тұлғасының өзгелерден оқ бойы озық тұрғандығын аңдатады. Ұлтының тарихын тайға таңба басқандай етіп жазған туындыларынан батыс пен шығыс классиктерінің жазу техникасын жете меңгеріп, оны ұлттық үлгімен ұштастыра білген шеберлігін байқаймыз. Бұл сөзімізді əдебиетіміздің асқаралы алыбы Əбіш Кекілбаевтың мына бір пікірі дəлелдей түседі: «Мұхтар Мағауин саяси озбырлық, рухани əрісəрілік, кəсіби балаңдық жабыла қинап, дағдарыс тығырығына қамалған əдебиетіміздің одан əрі дамуына жаңа қарқын бітіруге тырысқан алпысыншы жылдардағы серпілісте айрықша көзге түсіп, сол қарқынын əлі күнге үдетпесе, бəсеңдетпей, жанқиярлық танытып келе жатқан кесек тұлғамыз».«Көк мұнар» романы «Алсапыран» мен «Жармаққа» дейін жалғасқан шығармашылық жолдың әуелгі бұйдасы, сонымен бірге, тақырыптық, мазмұндық әрі рухани туыстықтың айқын мысалы. Бұл романдағы авторлық стиль, авторлық амбиция, авторлық мұрат кейінгі шығармаларының бәрінде де бар. «Архив шал» Күлдәрі ақын – «Архив хикаясымен», Едіге Мұратұлы, оның екіге жарылған (айналасындағы қайшылықты нәрселердің салдарынан) жан дүниесі – «Жармақпен» (Мұрат-Марат) жалғасын тапты. Мұндай мысалды, М.Мағауиннің кез келген шығармасынан көптеп келтіруге болады. Айталық, «Көк мұнар» мен «Жармақ» өзара оқиғалық тұрғыдан, кейіпкерлер жүйесі мен стиль поэтикасы, т.т. бағытында жан-жақты зерттеуді қажет ететін ғылыми жұмыс деп санаймыз. «Көк мұнар» романы Мұхтар Мағауиннің «мені», басқаша айтсақ, күллі шығармашылық өмірбаянының бастауы, едігелік мұратының алғашқы соқпағы болатын. Нәтиже қандай болғанын тізбелесек, тым ұзаққа кетеміз, қысқа қайырсақ: «Қобыз сарыны», «Алдаспан», «Қазақ тарихының әліппесі», «Аласапыран», «Шақан Шері», «Мен» (ғұмырбаяндық роман-хамса), «Ұлтсыздану ұраны» (мақалалар), «Қыпшақ аруы», «Кесік бас – тірі тұлып», «Жармақ», «Шыңғыс хан».Түйіндей келгенде, қазақ әдебиетінің 60-80 жылдарындағы тұтастай бір кезеңінің өкілі ретінде көркем бейненің ішкі қалтарыс-бұлтарысына, нәзік иірімдеріне сүңгіп, көркем бейненің характерлік сипатын танытуда, даралау ме жинақтауда портрет қызметін шығармашылықпен пайдаланғаны аңғарылды. Аталмыш қаламгердің романында портрет шығарманың тақырыптық-идеялық, сюжеттік-композициялық желісіне әсер етіп, авторлық концепция қалыптастыруға әрі ұлттық характер жасауға негіз болған. ХХ ғасырдың 50 жылдарында көрнекті әдебиеттанушы ғалым Л.И.Тимофеев тарапынан бірінші рет қолданылып, әдебиеттану кеңістігінде қалыптасқан адам концепциясы ұғымы автордың кейіпкеріне деген арақатынасын көрсететін болса, онда көркемдік тәсілдер жүйесіндегі портреттің осы мәселені жүзеге асыруда маңызы зор. Сөз соңында М.Мағауин салиқалы ой түйіп, көркем образ, адам концепциясы төңірегінде жаңаша көзқарас қалыптастырып, тың ізденістерімен «Көк мұнардай» роман тудырған демекпіз.