Латын әліпбиіне өту тиімді ме?
блог
Қазақ халқы қазақ болып қалыптасқалы бері тіліміз қазақ тілі болып келеді. Талай ғасырдың жүзін көріп, талай қиыншылықты бастан өткерген қазақ аталарымыз қасиетті тілімізден ауытқымай сақтап қалды. Әйткенмен жазба таңбаларымыз біраз өзгерді.
Түркі қағанаты кездерінде руна әліпбиінде өлең-жырлар жазылса, бертін келе араб әліпбиінде жазуға машықтана бастадық. Ал 1929 жылы орыстың сорақы саясаты бізді Құран тілінен айырып, латын тілін нұсқап еді, кейіннен кириллица таңбаларын үйреніп 42 әріпке ілестік те кеттік.
Енді міне, тәуелсіздігімізді алып, жұрт есін әрең жинап жатқанда, латын әлібиі 10 қадам әріде күтіп тұр. 10 қадам-10 жыл. 10 жылдан соң "бауыр басып қалған" кириллицадан бас тартпақпыз. Бұл кезеңнің қиын болары анық. Бірақ мен бұл идеяны қолдаймын. Себебі латын әліпбиі-әлем әліпбиі, ғаламтор, технология және заман әліпбиі.
Мұның басқа да пайдалы тұстары көп-ақ:
1. Латын әліпбиіне өту арқылы дамыған елдермен бірлігіміз жақындай түседі, әлем халықтарымен тілдесу жеңілдейді
2. Латын әліпбиі-ғаламтор негізі. Кітаптан таппаған ақпаратты ғаламтордан табатын, "іздегенің алдыңнан іздемей-ақ табылатын" бұл XXI ғасырда ғаламторды түсінбеу өрескел секілді. Ал біз латын әліпбиіне өту арқылы заман мүмкіндігіне бір қадам жақындай түсеміз.
3. Латын әліпбиіне өтер болсақ, қазақ тілінің мерейі одан әрі өсе түседі. Өйткені қазір екінің бірі, егіздің сыңары ғаламторда отырып, технологияны пайдаланады. Жоғарыда айтқанымыздай, латын әліпбиі ең жиі қолданылатын әліпби. Яғни, латын әліпбиі қазақ тілінде сайраса, қасиетті тіліміздің қолдану аясы одан әрі өседі.