“Қытай жолы әлемге не сыйлайды” атты кітабына Пікір

“Қытай жолы әлемге не сыйлайды” атты кітабына Пікір
жеке
блог

Белгілі ғалым, профессор, аға аудармашы Берікнұр Құрманжанұлы жетекшілік еткен ғылыми зерттеу тобы аударған “Қытай жолы әлемге не сыйлайды” атты көлемді зерттеу еңбегі Қытай жолы жөніндегі теориялық түсініктемеге, әсіресе философиялық түсінікке айрықша ден қоюмен қатар,

Қытай жолының әлемдік үлгісіне немесе әлемдік маңызына да төтенше зер салынған. Саяси дискурс,ғылыми қағидаттық дискурс пен әлемдік дискурстың бірлігінен, тарихтың, теорияның және шынайылықтың бірлігі тұрғысынан түсіндіріу – кітаптың ең басты ерекшелігі. Қытай экономикалық реформа жасау және есік ашу саясатының 30 жылдан астам тәжірибесі барысында, Қытайдың ұлттық экономикалық даму жолының ішкі ерекшелігін қалыптастырды, әрі оны әлемге дәлелдеді. Әлемдегі кедей, кенже қалған елдер қатарынан дамуға бет алып әлем экономикасында маңызды рөл ойнайтын үлкен державаға айналды. Барлық ресурстарды өнімді жұмылдыру механизмін, ұтымды да тәртіпті мемлекеттік-әлеуметтік басқару жүйесін қалыптастырды.

Бұл кітап біздің экономка саласындағы зерттеушілер, мамандар, әлеуметт танушылар және жоғары оқу орындардағы оқытушы ғалымдар үшін теориялық және практиклық маңызы ие құнды материал.

01.06.2022

Нақажы Г., доцент