Күз келбеті

Күз келбеті

Сағат тілі жылжып, уақыт зымырап өтуде. Уақыттың жүйріктігі сонша, таңымызды түнімізге  қалай жалғап жүргенімізді өзімізде білмейміз. Кеше  қана жайма шуақ жазға аяқ басқандай ек, ал қазір күздің орта тұсындамыз.
Бір өкініштісі, осындай  қарбалас өмірде көп нәрсені жіберіп аламыз . Бұл, уақыттың  жылдамдығынан  емес, өзіміздің бейқамдығымыздан болар.
Жыл мезгілдері  айтатыны жоқ, өз кезегімен өтіп жатқан қарапайым  құбылыс. Бірақ,әр сәттің  өзіндік бейнесі болады..
Ал менің күзден көретін бейнем  бала кездегідей жапырақтың сарғаюы, жеміс- жидектің  пісуі, күннің суытуы емес.
Мен қазір күзден бұлт пен астасқан аспан секілді көңілсіз күйді,  қар түскенше ағаш бұтағына қарманған жапырақтардан  үзілмеген үмітті, жиі жауатын жаңбыр тамшыларынан үнсіз  егілген бейнені көремін.
Ал сіздің күзден көрер бейнеңіз қандай?

Тастанбек Аяулым



Бөлісу: