Құса

Құса...

Күнделікті күйбін тірішілікпен уақыттын қалай зымырап өткенің байқамай да қаласын. Дегенмен адам жүрегі қалаған ісімен толық айналысуға мүмкіншілік болмаса(уақыт жетіспеу, шығармашылықта торығу, жабығу басқада объективті және субъективті себептер), жанын қоярға жер таппай беймаза күй кешетіні белгілі. Беймаза күйге тұтылдым деп жатады ғой. Бұл адам денсаулығына өте кері әсерін тигізеді. Әрине мен материалдық қажеттілікті айтып отырғаным жоқ, адам жанының рухани шөлдеуі, ізденісі туралы сөз қозғасам деп едім. Рухани жалғыздық, қазақта оны «құса,мұн, шер, сарыуайым» десе, орыстар – «хандра», ағылшындарда – «сплин» деп аталып жүр ғой.

Жалпы  бұл тақырыпты ақын жазушыларымыз әдебиетте: «Көңілімді байлап алды құса-мұн...», «Ішінде кеткен құсасы...», «Құса емін табалмадым...» «Сары уайым баскан кеудесін...», «Сүлдерімді жұтқан қайғы /«Жанымды бұлт торлайды» «Құсни ойдан құса болған шақтарда», «Ақын қылдың тәні сауда жаны мас..» т.т б деп сипаттап жүр.

Мұның сырын Абай «Тіл өнері дертпен тең», - деп дөп басып айтқаны да белгілі.

Ақын Ықылас Ожайұлы «Құса» деген өленінде:

Қарғам, маған қайғылы деп кінә артпа,

Тұл тірліктен тұншықпаудың айт емін,

Кіл мұңсыздың тірі өлігін көргенде

Тітіркенбей, қайтейін.

 Тәңірінің тамшысынан жаралғам,

Әй, есер ел, табаныңда езілдім.

Ұятыңды ұшықтасам деп едім,

Мөлдірімен көзімнің.

 Құсалықтан қобыз мұңның мендегі

Қыл ішегі дір еткен.

Күрсіністің күлбілтесін маздаттым,

Тағдырыңды түйсігіме түнетсем, - деп өмірден суынған жанның зарығуын дәл бейнелеген.

Бұл тақырыпты ұзағынан жалғастыруға болады, бірақ оған уақыт тапшы. Жалпы айтпақ ойым бұл дертке, тек өнер адамдары, шығармашылық қауымы тұтылады десек қателескеніміз. Мысалы А.Линкольн, У.Черчилль тәрізді қоғам қайраткерлері де оны басынан өткерген екен. Қарапайым бұқара өзінің депрессияға ұшырағаның сезбей де қалады. Көп жұрт оны жүрегім, кеудем ауырып тұр деп дәрігерге көрініп жатады, расында ол жүйкедегі күйзеліс.Сырқаты депрессия екенің дәл ұқпаған адам өзінің ақыл-есі сау екеніне күмән келтіре бастайды. Енді кайтпек керек? Бұл дерттің дауасы барма?

Фариза апамыздың соңғы уақыттағы шыққан кітаптарының бірі «Дауа» деп аталады, оның орысша аударымы «Снадобье», яғни лекарство /обезболивание/эликсир. Сол жыр кітабында ішкі шер жайлы түйген бірнеше ойларына тоқталсақ:

Ақылым тартса ілгері, жүрегім көнбей күндеді, Сезімім салқын самырқау, немін мен мұнша күрделі.../ Іздедім қимастарымды, тазарта ма деп жанымды, қансыған көнілім тарылды – бұл дертті немен емдермін?, - дейді де:  орман кезіп, құс тындап, үйге оралса, кетер еді жанымнан қылқан күдік/ тегі жермен жарасым тапсам ғана, жанарымнан, жанымнан мұнды ұшырам, - деп дертке дауа іздейді.

Шыны керек, кейде арсыз адамдарды көріп қызығасын, недеген бейқамсыздық, мұнсыздық, жайбырақаттық, уайымсыздық... Қоғамдағы осындай адамдардың қарасын көріп, Фариза апамыз: - Малша ойсыз өткізсең ғұмырынды, рақатқа батасын сонда ғана,- деп амалсыз ойын түйгені бар.      

Қарапайым бұқара демекші, жасыратыны не керек, осы дерт мені де айналып өтпеген сияқты. «Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан», деушіме еді кейінгі кезде, әсіресе көп ойға батқанымда «ұйқысыздық»(бессоница) дерті айналдырып жүргені бар. Айнаға қарасам, өзімді өзім танымайтын кездер болады, басқа адам тұрған сияқты. Осындай да тағыда Фариза апамыздың жыры есіме түсе береді:

...Не болды осы, шынымен бұл – менмін бе? жаным шығып тұрмаймын бұрынғыдай жақынға да, досқа да жүрген бірге / ...Ештеңені, ешкімді қаламаймын, өзім ғана – шаттығым, сана, қайғым..

            Әр түрлі ой, идеялар басымды шырмап алған. Түнімен ұйықтамай, құр аунап ертесіне жұмысқа барсан еңбек етуге қабілетін күрт төмендейді әрине.

Сәл бос уақыт пайда болса рухани құндылықтарды іздеуге арнағым келеді. Жалпы түн ауған уақытта неше түрлі әдемі ойлар, идеялар келетіні белгілі. Оны жылдам қағазға түсіруге асығасын, ертесіне өкініп қалмау үшін. «Қағазға түспеген ой- жоғалған қазына» дейді данышпан аталарымыз.

Дегенмен алға қойып отырған бағытым дұрыспа? – деген де ой мазалайтыны бар. Нақты міндетті емес мақсат пен жоспарларды бекітудің қаншалықты қажеті бар. Оның ішінде, әндер мен сценарийлер жазу,  мақала, әнгімелер жазу... Өзімді қинамау үшін түнде орнымнан тұрып қолыма қалам ұстап аз да болсам түртіп қоямын Сол арқылы жүрегімді кернеп алған шерді шығаратын болуым керек. Бір екі сағат шерім тарқаған соң, ұйқыда женілдей бастайды екен. Бәрін кейде тоқтатқым келеді, ел қатарлы өмір сүрсем бе дейсін мысалы, карьера қуып, дүние қуып, бірақ ол мүмкін емес-ау. Көп ойдың да зияны болады екен. Қазақта мақал бар ғой – «Өгізді оқалақ аздырар, естіні ой аздырар» деген.



Бөлісу: