Құрбы керек...

Уақыт өтеді... Заман да, адам да өзгереді... Достарын да өзгере бастайды... Әрине,  қас болып кетпейді, бірақ уақыт өте олардың өзіне тән қасиеттері пайда болады. Адам түсініп болмайды. Жоқ, әрине менің шынайы достарым жетерлік. Тек мен ӘДЕБИ достар іздеймін. Әдебиет пәнін таңдағысы келетіндерден тәжірибе алғым келеді. Массагеттің оқырмандары болашақ ақын-жазушы, жас тілшілер шығар, бірақ мен оларды білмеймін. Адамды толық танығанда және көзқарасы, ойлауы толық болмаса да ұқсағанда соңы достыққа ұласады ғой?! Менің тамаша тәжірибем бар деп айта алмаймын, әдебиет саласын таңдауым тек болжам ғана... Бірақ соңда да гуманитар бағытында оқығым келеді. Неге екенін білмеймін, маған "қай пәнді таңдайсын?" деп сұрақ қойғанда, "ӘДЕБИЕТ," деп айта беремін. Әдеби шығармаларғы қатты қызығамын! Ойлануға әлі уақыт керек...

  Достыққа келсек, әдебиетке құштар жандармен араласып, ақпарат алмасып отырғым келеді. Оларды әлі күнге дейін таба алмауымның себебі өзімнен болар. Бәлкім,ІЗДЕНІС сөзі ұмытылып кеткен шығар... "Массагеттің тұрақты оқырманы" атты байқауды қайта жалғауға бола ма? Себебі, онда өзі жайлы ақпарат берілетін. Сонымен қатар әдебиетке байланысты көбірек мәлімет берілсе, тіпті жақсы болар еді... Бұл тек менің пікірім...

P.S. Пікір жазуларыңызды өтінемін. Қанша басқарушы болсан да, адамғы пікір әсер етпей қоймайды екен. Жетіспейтін, толықтыратын ойларыңыз болса тіптен жақсы.  Әдебиетке құмар қыздар, маған "жетекші" секілді адам іздеймін... Есімім, Құпияқыз)))



Бөлісу: