Өзгеріс - әрдайым қорқынышты. Бірақ, ешкім де сіз үшін сіздің өміріңізді өзгертпес. Сіз қандай таңдауға барып тұрғаныңызды білесіз, бірақ қорқынышқа қарамастан, алға жылжитын боласыз. Жетістіктің басты ережесі де осы. (Пауло Коэльо) Өмірімде өзім ойламаған, күтпеген нәрселер болып жатыр. Кейде "мен қайдамын, не істеп жүрмін, не үшін жүрмін" деген сұрақ ойыма орала береді. Расында өзгеріс болмай жетістіктер мен мақсаттарға қол жеткізу мүмкін емес шығар. Тек төзімділік мықты болу керек. Мен соны түсінгендеймін.