КҮЛІМДЕ

Өмір - бір ғажайып ертегі. Сіз бен біз сол ертегінің кейіпкерлері. Өміріңіз қаншалықты әдемі болса, ертегіңіз соншалықты қиял ғажайыпқа толы деген сөз. Ұмытпаңыз, автор өзіңізсіз.

Бес күндік ғұмырда күліп жүргенге не жетсін. Солай емес пе?! Білем, сөкепеңіздер, күлкінің де реті бар)

Күлкі өміріңізді ұзартады. Бұл шындық болса, қыздар құрбыларымен бірге мәңгі жасайтын еді. Енді, құрбыңмен жүрсең күлкің таусылмайтыны анық) Жарайды, айтқым келгені басқа нәрсе.

Күн сайын басымыздан түрлі жағдай өтіп, қиындықтар мен шырмауы көп сындар дайын тұрады. Бұл - өмірдің заңы. Соның бәріне берілмей, қасқайып қарсы тұрсаңыз ғана жеңістің дәмін татасыз. Есіңізде болсын, кез келген нәрсені әдемі күлкімен шешуге болады. Қандай қиындық болса да, күлімдеп қарсы алып, күлімдеп шығарып салыңыз. Көз жасыңызды көл қылғаннан жақсы ғой)

 Жігітіңіз тастап кетті ме? Жыламаңыз! Себебі, ол сізді тастап кеткен жоқ, өмір сізді қадіріңізді білмейтін жаннан алшақтатты. Жаныңызды түсініп, шын сүйетін жан табылады. Жалғыздық Аллаға ғана жарасады емес пе? Сондықтан да, жыламаңыз, күлімдеңіз. Жарқыраңыз, жайнаңыз! Ана жігіттің іші күйсін. Қалжың) Кек алуды ойламаңыз. ЖАЙ ҒАНА КҮЛІМДЕ!

Ұстазыңызбен немесе жұмыстағы әріптестеріңізбен сөзге келіп қалдыңыз ба? Үнемі сізге ғана ескерту айта беретіндей көріне ме? Бірден ашуға берілмеңіз. Сабыр сақтап, әрбір айтқан сөзін күлімдеп қана тыңдаңыз. Қарсыласыңыз сізге қарап сөз айта алмай қалады. Ақырын ғана жымиып жауап қайтарсаңыз болғаны. Ол адам екінші қарай сізге кейлікпейді. Бастысы КҮЛІМДЕУ!

Басыңызға іс түсті ме? Жоқ, жәй ғана проблемаға тап болдыңыз делік. Шығатын жол жоқ деп, күйбелектеніп, жан жағыңызды қырып жоюдың қажеті жоқ. Несіне жүйкеңізді жұқартасыз? Ерте қартайып кетесіз ғой) Ең дұрысы, терең тыныс алып, бәрі жақсы болатынына сеніңіз. Өзіңізді сендіріңіз. Ешкімге ештеңе білдірмеңіз. Жәй ғана күлімдеп жүріңіз. Себебі, басқаларға сенің мәселең қызық та, керек те емес. Өзіңе сен, тек қана өзіңе сен!

Қысқасы, қандай жағдай болмасын КҮЛІМДЕ! ӨЗІҢЕ СЕН! ҚЫЗЫҚТЫ БОЛ! БӘРІН ЖЕҢЕ БІЛ! АЛҒА!



Бөлісу: