Қуантшы мені, қыс айы...

Қуантшы мені, қыс айы...
жеке
блог

Қыс - әлемді мейірімге бөлейтін мезгілдей көрінеді маған. Айнала аппақ қарға шомылған кезде, өміріңді жаңа беттен, жаңа жазумен бастағың келеді. Құлазыған көңілің бірден ерекше күйге енетіндей. Неге екенін білмеймін, өзіме солай әйтеуір))))

Қыстың алғашқы айы мерекеге толы ғой шіркін. Тұңғыш Президент күнін қыстың алғашқы айының, алғашқы күні тойладық. Одан кейін тұғыры биік Тәуелсіздігіміз күтіп тұр. Әрине, жарқырап келетін жаңа жылды айтпау мүмкін емес. Осының бәрі де адам баласын қуанышқа бөлейді емес пе?!

Кейде өмірден қатты түңіліп кетемін. Шешімі жоқ қара түнекке кіріп кеткендей кездер де болады. Сондай сәтте, "Жаңа жылда бәрін жаңадан бастаймын" деп өзіме өзім уәде беремін. Әттең... бұл сөздер жыл сайын қайталана береді. Бірақ... еш өзгеріссіз...

Қуантшы мені, қыс айы...

Аппақ қарға бөленсінші айналам,

Қыздарымыз көп болсыншы жайнаған.

Суық күні аз болсыншы бұл қыстың,

Не болса да,

Бұл әлемде, барлығың да жұлдызсың!