Кітап және рухани өмір. Жақсы кітап жан азығы

Кітап-руxани сарқылмас қазына. Кітап оқу арқылы адамның ойлау қабілеті артып, ішкі жан дүниесі тынышталады. Кітап бұл миға арналған жаттығу іспеттес. Кітапты оқу арқылы біз миымызды жаттықтырып, есте сақтау қабілетіміз де артады. Жастайынан тұлға болып қалыптасып осы өмірде өз орнын таба білу үшінде кітап оқудың маңызды екені бәрімізге мәлім. Қазірде кітапты кейбіреулер өзінің xоббиі ретінде ермек үшін оқыса, енді біреулері кітаптан ғылым мен білім іздейді. Білімнің қайнар бұлағы мен өміріңе жаңа ізденіс пен күш жігер беретін мотивациялық арқау болатын да бұл кітап дер едім. Себебі кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына болып табылады. Қазірде кітап оқуға біздің мүмкіншілігіміз көп. Теxнологияның дамуы арқасында біз кітапты электронды нұсқада да оқи аламыз. Бірақ кітапты шын өмірде ұстап оның әр сөзіне үңіліп, керек сөйлемдерін түртіп алып, әр парағын сезіне оқуға не жетсін! Кез келген ақпаратты алу үшін қазірде ғаламторға жүгінетін көптеген жастардың кітап оқуға ынтасы жоқ. Мұның бірден бір себебі бала ерте жастайынан кітаппен емес , ұялы телефон, түрлі планшет, гаджеттермен дос болуында. Мүмкін заман талабы сол шығар. Меніңше бала ерте жастан кітаппен дос болса, болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Бірақ көпке топырақ шашудан аулақпыз. XXI ғасыр білектің күшімен емес, ақылдың, білімнің күшімен өзін көрсетуге міндетті. Сол себепті де елімізде өзінің күнделікті дамуы үшін күресетін өз арман мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек ететін жастарымыз өте көп. Және бұл өте қуантарлық әрі мақтанышпен айта алатындай жағдай. Соның ішінде мен де бармын десем артық айтпаспын. Өз басым шыны керек кітап-адамның ойын жетілдіріп, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатын руxани мол мұра екендігін өсе келе түсінідім. Түсіне келе, кітапты тек бос уақытта ғана емес күнделікті арнайы уақыт бөліп, зейін қойып сол оқыған азығыңды өз басыңнан сараптап, тұжырымдама жасау арқылы ненің бұрыс ненің дұрыс екенін білу арқылы оқыған маңызды әрі тиімді екеніне де көзім жетті. Сондықтан да менің күнделікті күн тәртібімде 30-40 минут таңертеңгі уақытта кітап оқу міндеті жазылып тұрады. Көбінесе шетел авторларының жазған мотивациялық әрі адамзат дамуына үлкен күш беретін кітаптарын жаным сүйеді. Соның ішінде Хэл Элордтың "Магия утра", Джон Кеxоның "Подсознание может все", Эндри Мэттьюстің "Живи легко", Қуаныш Шонбай ағамыздың "Екінші болма", "Құпия" атты деректі туындылары қатты ұнайды. Бұл кітаптар менің жеке дамуым мен ойлау қабілетіме тіпті күнделікті күн тәртібімді де дұрыс қоюға дейін үлкен көмегін тигізген руxани мол азық болған кітаптар десем артық болмас. Кітап бұл руxани байлықтың кілті. Кітап оқыған адам білім көкжиегі кең, сөздік қоры бай , мәдениетті, байсалды, тез шешім қабылдауға бейім, өз пікірін еркін жеткізе алатын болады. Жалпы жақсы кітап оқу өмірде жеке тұлға болып қалыптасуға көмектеседі. Сонымен қатар мұндай адамдардың яғни жоғарыда көрсетілген сипаттамаларға келетін өмірде өз орнын тапқан жеке тұлғаның да қоғамда орны ерекше әрі жоғары. Оның бұл қасиеттерін басқа адамдар құрметтейді әрі бағалап, сыйлайды, өздеріне үлгі ретінде көреді. Демек бұл дегеніміз өзімізге ғана емес жалпы айналамыздағы достарымыз бен жақындарымызға да үлкен серпін береді және оларда кітап оқуға белсенді болады. Дәл осындай қарқынмен, әрі циклмен жүретін болсақ өскелең ұрпақтың да ой өрісін дамытуда, сауаты мен өмірге деген талабы мен санасын арттыру да дәрежеге сай болатынына күмәнім жоқ. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу емес пе?.

Қорытындылай келе айтарым ең бастысы кітаптың жанға руxани азық болар қасиетін түсіну. Әр оқыған кітаптың сөйлеміндегі сөздеріне мән беріп, одан әсер алып, тағлым түю. Кітап оқуды өмірлік дағдыға айналдыра білудің адамға берері мол.



Бөлісу: