Кішкентай жүректегі үлкен махаббат

 "Оның кішкентай кезінде басынан  кешкен  ұмытылмас жағдайлары,  содан алған  айрықша әсерлері  ешқашан  санасынан өшпейді. Олар іште жанып тұрған  от тәрізді,  үрлесен,  жалын  лаулайтындай."

 Бердібек Соқпақбаев      "Менің атым Қожа"

 

Бұл повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындығы хикаялар жайлы айтылады. Яғни, сол уақыттағы бастан кешкен қызық оқиғалар туралы баяндалады.

Қожа қанша бұзықтық жасаса да,жақсы адам болуға талпынады. Ол өзінің мінезін, тәртібін,өзгертуге тырысады. Қожаның біржола өзгеруіне үлкен махаббат сезімі әсер етеді. Ол сыныбындағы үлгілі, тәрбиелі,сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті, Жанарға арнап өлең жазған кездері де болды.

Қожаның шын Есімі-Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болатын. Сондықтан оны "Қара Қожа" деп атайтын. Кейде не мазақ ету үшін, не шатасқаннан ба, оны "Қара көже" дейтін. Оның фамилиясы Қадыров болатын. Кейде ол "Қадірұлы" деп те жазып жүрді. Сыртқы келбеті сүйкімді,  орта бойлы, қараторы бала болатын. Әжесі оны әрқашан әкесіне ұқсатып отыратын.

Қожаның ең басты арманы, ол мектепті бітіріп, университетке түсіп, жазушы болу еді. Қожа Жанарға ғашық болғаны белгілі. Қожаның жақсы жолға түсуіне кедергі жасаған оның досы-Сұлтан. Сұлтан-Қожаның жан досы- арық,  ұзын бойлы жігіт. Ол Қожадан  екі-үш жас үлкен, өзі мектепті тастап кеткен, ұрлық-қарлық сияқты жаман қылықтарға әуес.

Шындығына келгенде,  Қожаның  ең жақын адамы - анасы мен әжесі.

Әжесі - немересіне шаң жуытпайтын, қызғыштай қорып, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп отырған кісі,  өзініің ерке баласын – Қожасын  еш жамандыққа қимайтын жанашыр адам.

Анасы-Миллат. Ол тәрбиелі, ақылды әйел. Барлық ауыл оны біледі және құрметтейді. Ауылдағы кеөпшілік оны аудандық советке депутат етіп сайлаған.

Маған бұл шығармада Қожаның бейнесі ерекше әсер қалдырды. Оның  турашылдығы,  барлық сезімдерінің нағыз шынайылығы  ұнады. Ал оның өз әжесіне, анасына, Жанарға деген махаббаты, оларды уайымдағаны, оның ішкі жандүниесінің жақсы екенін көрсетеді. Анасын  педсоветке шақырғандағы Қожаның  кешкен күйі, айнаның алдында отырып,өз қателігін түсініп,өз-өзін дұрыс жолға салуға ұмтылғаны – әрбір жасөспірім оқушы үшін үлгілі іс.  Осының барлығы оның ішіндегі адамгершілік қасиетінің, өмірге деген құлшынысының  ешкім де, ешнәрсе де сөндіре алмайтын құбылыс екенін көрсетеді.

P.S. Менің жүрегімді тербеген бұл туынды жарты ғасыр бұрын жарық көрген екен. Алайда, сол кездегі мектеп оқушылары мен бүгінгі мектеп оқушыларының, яғни, біздердің ойымызды бір арнаға тоғыстыратын кіршіксіз көңіл мен досқа деген адалдықты, шынайы пәк сезімді балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаев ғажап суреттеген. Сондықтан да, барша замандастарымды  осы кітапты оқып, өзінің және сыныптастарының ішкі әлеміне саяхат жасап шығуға  шақырамын.

Ермуханбетова Аружан,

124 жалпы білім беретін  мектептің 11 «ә» сынып оқушысы

 Алматы қаласы.

 



Бөлісу: