Қозыбақова Ф.А. Тұңғыш журнал-тұңғыш рух
блог
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Жетекшісі : Қозыбақова Ф.А.әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих және археология,этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры
Дайындаған : Есерқан Данияр әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Филология және әлем тілдері факультетінің 1 -курс студенті.
Тұңғыш журнал-тұңғыш рух.
«Айқап журналы қазақтың алғашқы баспа көрген, ресми әрі кәсіби журналы болды.Айқап журналы арқылы қазақ алғаш рет баспа бетінде өз ойын айта білді.«Айқап» журналы патша үкіметінің саясатын насихаттайтын журнал емес, қазақтың мүддесін көздейтін, оның жоғын жоқтайтын журнал болды»
Дулат Исабеков Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштарының бірі «Айқап» журналының шыққанына биыл 110 жыл толды. 1911 жылы жарық көрген басылым 4 жыл ғана шыққан. Журналға ақын, жазушы Мұхамеджан Сералин редакторлық еткен. Бүгінгі қазақ қаламгерлері «Айқап» қазақтың мүддесін көздеген басылым болғанын айтады. Бар жоғы 4 жыл өмір сүрсе де халықтың ең маңызды мәселелерін көтере білді. ХХ ғасырдың көрнекті ақын жазушылары, қоғам қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов сынды тұлғалар «Айқаптың» тұрақты авторлары атанған. Бас аяғы 500 таралыммен шыққан.
«Айқап» атауына қатысты әртүрлі пікірлер бар. Соның бірі: « Әй, қап » деген қазақтың өкінгендегі мұң-мұқтажын жеткізіп, көзіңе еріксіз елестеткендей болады.
Айқаптың 2-ші санында Халиолла Ғабдолжәлилов деген автор «Айқап» сөзінің үш түрлі мағынасын атап көрсетті. Біріншісі, орындалмай әрі болмай қалған іске өкінушілік десе, екіншісінде, қараңғы түнде жарық еткен ай мен оның сауытыдейді, ал үшіншісі, халықты айқап-шайқап аралау деп түсіндірген болатын.
Журнал оңайшылықпен жарыққа шыға қоймаған. "Айқаптың" бас редакторы: М.Сералин журналды жарыққа шығару мақсатында қаржылай көмек сұраған еді. "Айқаптың бірінші санында: " Қолда пұл жоқ. Жұрт болып жабылып, бұл журналға жәрдемдестік етпесе, әлбетте бұл қазақтың жарыққа шықпай қалған бесінші дүниесі болар да қалар. Барлық үміт-ХАЛЫҚТА "-деген еді. Көмек көрсете алғандар көмегін көрсетті көрсете алмағандар журналдың шығуын құдайдан тіледі.
Журналдың басылымдары 1911 жылдан бастап шыға бастады. 1911 ж- 12 саны, 1912 ж- 14 саны, 1913-1914 ж- 24, 1915 ж- 14 саны жарық көрді. Ал, ең алғашқы саны демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералиннің басшылығымен 1911 жылы қаңтар айында Троицк қаласындағы «Энергия» атты баспада басылып шықан-ды.
"Айқаптың" негізгі мақсаты не?
Бұрынғыдай жер, дін, қала салу мәселелерін көтерді. Сыртқы хабарлар, мұсылмандар өмірінен мысалдар ,оқиғалар беруді, фельтондар жариялауды, жаңа шыққан кітаптар хақында және ғылым баптан кеңестер, басқарушыға келген хаттар мен түрлі мәселелерді оқырмандарға жеткізіп тұруды көздеді.
«Айқап» журналы өзінен кейінгі шыққан «Қазақ» газетімен кейбір мәселелер төңірегінде қайшылы пікір ұстанып,басылымдарында бір-бірімен сөз таластыруға дейін барғаны рас.Кей-кезде бірін-бірі қатты сынға алған материалдарды жариялаған кезі де болған.Яғни, айқапшылар мен қазақшылардың ұстанған пікірі екі түрлі бір біріне қарама қайшы көрінді.
Қорытындылай келе «Айқап» қалың елдің,қазақтың,қайран жұрттың қоғамдық ой-санасын оятып, қазақтың болашағын, яғни , жастарды білімг, өнерге жетелеген өмірге басқаша тұрғыдан қарауды үйрететін басылым болды. Қазақтың қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов сындыкөзі ашық,оқыған азаматтардың қолдауымен және тікелей араласуымен өз оқырмандарын мәдени тұрғыдан да,ғылыми тұрғыдан да байыта білді.Сол себепті «Айқап» журналында жарияланып шығарылған материялдар сол кезеңдегі тарихымыздың,әдебиетіміздің әлі де болса анықталмай келе жатқан кейбір тұстар айқындауда маңызды десек, екіншіден, 20 ғасырдың басында қалыптасқан ұлттық интелегенция өкілдерінің тұлғалық ғұмырын толықтыруға үлесін тигізеді, үшіншіден , белгілі себептермен аттары беймәлім болып қалып кеткен азаматтардың есімдерін қалпына келтіруге көмек берері сөзсіз. Айқап журналы қазақтың есінде осылайша ғасырдан астам уақыт сақталып келеді. Ал ақын Мырзан Кенжебай «Айқап» журналының қазақтың есінде қалуына оның алғашқы болып шығуы емес, қазақтың жоғын жоқтаған журнал болуы және қазаққа рухани азық бола білуі себеп болғанын айтады. «Қазіргі кезде ондай басылымдар жоқтың қасы» дейді ақын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Кенжебаев Б. «Айқап» журналы туралы еңбек 1961ж
Сералин М. «Құрметлу оқушылар»
Ғабдолжәлилов Х. «Айқап» мағыналары
Мұса Ғ. «Айқапты» үлкейту һақында және https://www.azattyq.org/ сайтынан.