Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...

Көз сүйсінген көркемдерге жағылған дақ...
жеке
блог

Қыз Жібектей,Баян сұлудай ақыл менен көркемділігі қатар сипатталатын қазақ халқының арулары жөнінде қаншама өлең-жырлар жазылды,қаншама әндер шырқалды десеңізші!...

Менің ғана емес,барлығымыздың "Қазақ қызы" дегенде ойымызға нәзіктіктің,ибалылықтың,инабаттылық-тәрбиенің символы,адами құндылықтарды бойына азық еткен ақылына көркі жарасқан Абайдың Әйгеріміндей,Естайдың Қорланындай ару елестейтіні өтірік емес-ау,шіркін...Олардың сыртқы кейпін де,ішкі сұлулығын да айтып жеткізу де мүмкін емес дүние ғой!...Олар жайында жазылған шығармаларды оқып,бейнесін көз алдыңа елестетіп бір сәт ләззатқа бөленесің.Шын мәнісінде сүйсінесің.Сол қоғамда өмір сүргің де кеп,оларды бір көріп те қалғың келеді.

Дей тұрғанмен,бүгінгі күн-жаңа заман,жаңа ғасыр.Ақпараттану,технология заманы.Уақытқа сай қазақ қызының да,жігітінің де сипаты өзгерді.Бірақ қай заманда болмасын қазақтың қызының ғана емес,барлық адамзаттың рухани құндылығы да өзгеріссіз қалуы керек екендігі хақ.Бес саусағымыздың әртүрлілігіндей,адамдар да әртүрлі кездеседі.Бірақ,соған қарамастан қарадан ақтың көп боларындай,жамандардан жақсылар әрқашан көп болары да түсінікті.Ендеше неге біз,"қазіргі қыздардың істерін отырса опақ,тұрса сопақ" қылудан жалықпай келеміз.Бар,бар ғой,қылығына көңілің толатын,көркіне көзің қызығатын,тәрбиесінен айналатын қазағымның қаракөздері.Ендеше,олар бар кезде біздің қазақ қыздарына қара дақ жағуға құқымыз жоқ.Себебі,сол қыз-болашақ жар,болашақ ана.Ал,ол ару ,яғни,анасының тектілігін,әкесінің тәрбиесін бойына сіңірген ару өз ұрпағына да сол ізгі қасиеттерді сіңіртері сөзсіз.Ал,туралықтан тайған аруларымызға келер болсақ,жақсыға қарап ойын түзетсе екен деймін.

Дегенмен,өз ойымды қорытындылай келе,мен қай замандағы болмасын қазақ қызының бейнесіне тамсанамын,сүйсінемін.Мен сол "қазақ қыздарына" мәңгілікке ғашықпын...