Көпбалалы болғанның несі айып?

Көпбалалы болғанның несі айып?
жеке
блог

Адамдарға таңқалам. Кейбір.Осы күнде екінші немесе үшінші балаға жүктімін десең, ел күледі немесе үрке қарайды. 

-Құрсын, тағы ма?

-Шұбыртып не істейсің?

-Жұмысқа шықпайсың ба,-сынды сұрақтар жауады-ай жан-жақтан. Қуанып, құттықтап жататындары да бар, әрине. 

"Қазақ әр баланың несібесі" бар деген ғой деп өз-өзіңді жұбатып қоясың.Айтпағым-қазіргі қыз-келіншектердің бала туу мен оны бағу мәселесіне келгенде қиналатын жағдайы.Айналып келгенде бәрі де қоғамның ауыртпалығы ғой.Қаражаттың жетіспеуі, баспананың жоқтығы, төленбеген несие, жұмыссыздықтың салдары, бала санын шектеуге онсыз да апарып жатыр. Ал кейбірінің бұл мәселелерден тысқары, денсаулығы бола тұра балалы болудан бас тартатындығына қайранмын. Сондағы ойлайтыны - үйде көп отырып қаламын, басқалар құсап жұмыс жасауым керек деген сияқтылар. Дұрысында, барлап қарайтын болсақ, қазір екінің бірі мамандыққа қатысы жоқ жұмыстарды (кассир, еден жуушы, дүкенші, саудагер, т.б) бала-шағаны асырау мақсатында жасап жүр де. Жолдасының табатын нәпақасы жетіп жатса, асыраушысы болса, бәлкім біздің қазақ қоғамында мұндай қымсынулар болмаспа еді, кім білген?!Әрине, бұл жерде ер адамды да кәналаудың қажеті шамалы. 

Енді бұл менің өзіндік жеке пікірім ғой. Яғни, өмір бойына 1-2 баламен шектелетін жандарды қолдағым келмейді. Балалы болуға екінші, не үшінші мәрте дайындалып жүргендерге кей жандар миығынан күле, шоши қарамаса екен. Ол да әйел адамның жүйкесіне тиіп, көңіліне қаяу түсіреді емес пе? Жасанды түсік жасату сияқтылар осындай "елден ұялам" дегендердің баратын қадамы шығар, бәлкім?


Сіз қалай ойлайсыз, массагеттік оқырман...?

Сурет: http/temir.aktobe.gov.kz/ сайтынан алынды