Көңіл күнделігінен
блог
Адам бойына игі қасиеттер қайдан тарайды екен?... Күллі жақсылықтың түп-тамыры жүректе дейміз. Жақсылық атаулының негізі жүректе болса, сол жүректен қалай ғана жамандыққа жетелер ойлар туады екен?... Қызық...
Жақсы қасиеттерімен бір жанның жан дүниесіне кірер жолды таба білген жандар, күршіксіз жүрекке алдымен ыстық сезім сыйлап, өлімге,өмірден түңілер жолды меңзеп, қалай ғана кете барады екен?... Өмір атаулы тек қуаныш пен күлкіні сыйламай, онымен қоса мұңы мен қайғысын да ерте жүретіні аян. Жаныңның жабырқауы да, кеудеңді кере қуанышқа бөлену де мәңгі емес. бәріне шек бар... Бүгінгі қараңғы түннен соң бозарып таң атып, күн нұрын аяямай төгетін сіт келеді.Ол таң шапағаты жарқын болашаққа жол ашады.
Өмірден түңіліп, жарты жолда ғайып болу - тағдырға мойынсынып, айдаһарда ақырған қара түндерге берілу кеудесіне айтарлықтай күш-қайрат жинауға қауқарлы пендеге сын. Бойдағы күштің қайнар көзін таба білмеген жанның үміт оты тез сөнуі әбден мүмкін...
Тағдырдың дегені болар, бір бақыт келер деп күтіп отырмай, еңбектену, іздену, ұмтылу, тынымсыз өз бақытыңды іздеу керек.
Көңіл... Адамның көңілі деген өзі қалай екен?... Бірде көңілді, бірде көңілсіз күйде отырасың... Көңілің көтеріліп, жайбарақат отырсаң, тауды қопарардай жігер билейді бойыңды. Айналаңдағы күллі әлемге тамсана қарап, бар ғажайып сен үшін жаратылғандай сезінесің өзіңді. Бар игіні Алла саған үйіп-төгіп жатқандай күй кешесің. Сол сәтте жаныңа өңкей адал, жайсаң да жақсы жандар жинала қалғандай болады. Керісінше, көңіліңнің қошы болмаса, жан дүниеңді мұң басып, томсырайып, жабырқап, жайсыз болып қаласың. Өзіңді ешкімге керегі жоқ бұйымдай сезініп, бірер ұмтылысқа бет бұрарға күш таппай, қауқарсыз күйде мелшиіп отыра бересің. Ғаламның бар ауыртпалығы сенің иығыңа жүктелгендей, еңсеңді көтеруге шамаң келмей өмірден түңіліп кетесің...
Уақыт өте келе бәрі де орнына түсіп, қайтадан көңілің жай тауып жатады. Алма-кезек дүние...Бірер бір жақының саған жалған сөйлеп, алдаса, қиянат жасаса онан әбден көңілің қалады. Ол жанға еш көңілің бұрмай, бұрынғыдай жақын бола алмай, бөтенсірейтін боласың... Бөтен жанның саған қарым-қатынасынан сенің көңіліңде бір сезім бүршік жарып, соңы кіршіксіз махаббатқа ұласуы да ғажап емес...Көңілдің ісі сондай. Оның алдында ақылмен шешілетін ешбір іс-әрекет өз жалғасын таппақ емес... Көңіл деген қалай өзі?!
Бүгінгі қоғамның болмысы кімді де болмасын бір ойландырары сөзсіз. Адами құндылықтарымызды жетілдіріп жүрміз бе? Әлде, кейінгі ұрпаққа қалдырар аманатымызды өзіміз әлсіретіп келеміз бе?...
Біреудің қаражаты мен абыройына қарап қарым-қатынас орнату меніңше, барып тұрған ақымақтық! "Бүгінгі заманның талабы - сол"-деп, адасып жүрген адамдар өкінішке орай, қоғамның 90 пайызын құрап отыр. "Кімде көлік бар, кімде абырой бар, мүлік бар-солармен келешек бар"-деп, қалталы жігітке тұрмысқа шығуды армандап жүрген қыздар да баршылық. Олардың ойынша бақыт ақшамен өлшенеді. Ұлы сезімдердің бірі және бірегейі махаббат сезімін жоққа шығармақшы. Көп жағдайда "Бүгінгі күнде махаббат жоқ, бұл сезім Төлеген мен Қыз Жібектің кезінде болған. Жөні түзу жігіт жоқ, есі түзу қыз да жоқ! Бәрі де бірдей!" деген қауесеттерді де естіп жүрміз. Заман өзгерді ме? Адам өзгерді ме?...
Білімнен ақшаны жоғары қоятындар да аз емес арамызда. Допломды әкесінің ақшасына сатып алып, жұмысқа көкелерінің көмегімен кіріп, нанын тауып жүргендер де баршылық. Диплом білім мен ынтаның көрінісі бола алмайды, менің ойымша... Білімді арзан дүние санайтын осындай жандар келешекке не бермек?!
Рухани тұрғыдан бүгінгі қоғам мүшелеріне назар салсақ. Рухани жан дүниеміздің тозып біткені соншалық, өз туған баласын көлікке айырбастайтын дәрежеге де жеттік! Онан қалды өз қаракөздерімізді шетел асырып сатып жатырмыз. "Мұнымыз олардың келешегін ойлағанымыз" дейтін көрінеді шетел азаматтарына сату саясатын жүргізіп отырғандыр. Өз туған өлкесінен алыста, бөтен ортада өскен жан қайдан жақсы қасиеттерді бойына сіңірсін? Мың жерден жақсы өмір сүргенімен, оның жүрегінде туған анасына, Отанына деген жиіркеніш жатады емес пе?!... Тіізіп айта берсек көңіл күнделігіндегі жазулар сарқылмақ емес... Бұл жазбамда осымен тоқтайын. Не айтқым келді? Мендегі ой қоғамның 0,5 пайызын құрайтын адамдарды болсын ойландырып, жақсылыққа бастау!