Қоғамдық көлік – қоғамдық мәселе
блог
БАҚ-та көп айтылмайтын, алайда әлеуметтік желілерде халық арасында үлкен дау тудыратын проблемалардың бірі - қоғамдық көліктер, яғни, автобустар. Теледидардан тек автобустардың соқтығысып, сынған бейнесін ғана көрсетеді. Ал, ел қолданысында өте қажетті қоғамдық көліктерде сыртынан басқа кемшіліктері жетерлік.
Жаңа автобустардың көбеюі
Қазіргі күні қаламыздағы ең өзекті мәселе қоғамдық көліктер және сол қоғамдық көлік карталары. Былтырғы жылы Атырау қаласының туған күніне орай көптеген автобустар жаңартылған болатын. Әрине бұл қала тұрғындары үшін қуантарлық жағдай. Бірақ таяқтың екі ұшы болғандай, бұл жағдайдың да өз кемшіліктері әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатыр.
Қазақстандағы танымал «Теңізшевройл» мүнай газ компаниясы наурыз мерекесі қарсаңында қала тұрғындарына жаңа автобустар сыйлаған болатын. Atyrauoil инстаграм әлеуметтік желісінің ақпаратына сүйенсек қала тұрғындарына 30ға жуық жаңа автобус сыйға берілген.
Тұрғындар наразылығы
Аялдама тақтайшаларында автобустардың аралық жиілігі бар болғаны 5-10минут және таңертенгі сағат 06:00 – кешкі 23:00 уақыт аралығы деп жазылған. Қала орталығында қатынайтын №14, 12 маршурттардан басқа автобустарды кемінде жарты сағаттай күтуге тура келеді. Күтуді былай қоя тұрғанның өзінде кешкі 20:00 ден кейін қаладан бірде бір қоғамдық көлікті көрмейсіз. Қала сыртындағы тұрғындар бұрынғы ескі автобустармен қатынайды. Олардың өздері бірде жолда қалып қояды, бірде мүлдем жүрмейді. Автобустардың жоқтығынан қала тұрғындары амалсыздан таксиды пайдаланады. Бірақ таксиге кез келген адамның жағдайы жете бермейді.
Осы тұрғыда қала тұрғындарының ойын білу үшін сауалнама жүргізген болатынмын.Соған кезек берсек.
1)Қоғамдық көліктер жұмысы ұнайма ? Ұнамаса неліктен?
<<Студент 18-жас: Жалпы жаман емес бірақ бір автобусқа шектен тыс адам толтырып алатын жағдайлар болып тұрады. Бұл қолайсыздық тудырады>>
<< Зейнеткер 66-жас:Өзім қала сыртында тұрамын қаланың сыртында автобустарды көп күтеміз. Автобустар өте аз.
<<Оқушы 13_жас: Бізден кондукторлар сабақ кезінде жол ақысын төлеуді талап етеді >>
2.Автобустарға көзқарасыңыз?
<<Қала тұрғыны-33жас. Автобустар негізінен жақсы. Дегенмен Автобустардың көбі кешкі 20:30 дан кейін жүрмейді.
<<Қала тұрғыны-28жас. Автобустар жылдамдықпен жүріп бір-бірімен жарысады.Тіпті құлауға қаламыз.
<<Қала тұрғыны-28жас. Қаладағы қоғамдық көліктер жаңалағанмен автобустардың әлі де болса жетіспеушілігі бар.
<<Студент-20жас. Автобустардың аздығы мен олардың жұмыс кестесінен тыс тоқтап қалулары сабақтан кеш қайтатын оқушы студенттер үшін қиын.
Қаладағы тағы бір мәселе Smart Qala жол жүру картасы. Яғни Smart картаға онлайн жүйеге көшірілуі туралы не себепті енгізілгені оның артықшылығы туралы Smart Атырау мемлекеттік мекемесінің директорының орынбасары Рустем Ерниязов айтқан болатын.
Рустем Ерниязов: - Бұл пилотты режим мәселе негізінен 1жыл бұрын бастаған. Себебі цифрлық қазақстандық бағдарламаға байланысты. Қазіргі электронды жүйеге байланысты бүкіл қоғамдық көліктерге орнатылды. Сонымен қатар автопаріктерде көлеңкелі табысты болдырмаудың алдын алу үшін Smart картасы енгізілді.Тек қаладағы автобустарға емес қаланың сыртындағы автобустарда да қолданылады.Ал автобустарды жаңарту мәселесі осы жылдың соңына қарай 130 автакөлік әкелінеді.
Smart картаның енгізілуі туралы жалпы түсіндірме тиімділігі. 1 қазаннан бастап саралау тарифі енгізіледі егерде карта болмаса 150тг төлеуге тиіс болады. Олай істеуміздің себебі тұрғындар бір ауыздан Smart картаны қолданса дейміз. Smart карта туралы айта кетсек оны жол серіктерден 300тг сатып алады. Ал оқушылар, студенттер, зейнеткерлердің өзінің суреттерімен арнайы карта 500тг тұрады. Мысалы оқушылар картамен сабақ кезінде екі рет барып келуге тегін жүреді.Ал қалған күндері 50%төлейді. Ал зейнеткерлер мен студенттер 50%жол ақысын төлейді.Мүгедектерге Smart карта тегін беріледі. Бірақ жол ақысының 50% төлейді,- дейді Smart Atyrau мемлекеттік директорының орынбасары Рустем Ерниязов. Қоғамдық көліктерді электронды түрде жаңалау жыл басынан бері айтылып келе жатыр. Неге екені белгісіз әртүрлі себептермен бірнеше мәрте кейінге шегіріліп келеді. Жыл басынан бері бар жоғы 600 мың халыққа жол жүру картасын жасап шығару оңай болмағаны ма? Әлде әдеттегідей бөлінген ақша ұстағанның қолында, тістегеннің аузына кеттіме? Әрине бұның бәрі біз үшін беймәлім. Халық үшін жасалынған дүниелер, әрдайым халық игілігіне жараса дейміз.
Сембаева Динара
Х.Досмұхамедов атындағы АтМУ
Журналистика 2курс