Қоғамдағы келеңсіз оқиғалар. Әлеуметтік желі-ел зардабы

       Вконтакте, Инстаграм, Ватцап... Хммм таныс сөздер ма?... Әрине, бұл заманда еңбектеген сәбиден, еңкейген қарияға дейін білетін ұғымдар. Бұл аталған сөздердің жалпылама атауы "әлеуметтік желі" деп аталады. Бұл нәрсе қазіргі уақытқа індетке айналды, яғни вирус. Жер бетінде қаншама миллиард адам болса, сол адамның 90%-ы ғаламторға кіріп әлеуметтік жүйеге тіркелгені анық. Жасырмаймын, менде олардың қатарында бармын. Күнделікті кіріп те отырамын. Ол бір өзіне тіуелді қылып алатын дүние ғой. Ішінде адамға қажет нәрсе, керегі жоқ, қауіпті нәрселер де кездеседі. Көптеген жаман сайттарға куә боп келеміз. Олар адамдарды арбап өрмекшінің торына секілді шығуы жоқ қамал. Атап айтқанда, өзім өнер, сахна адамы  болған соң, өнер адамдарының өмірі қатты қызықтырады. Сондықтан көбіне инстаграм желісіне кіремін. Өз-өзімді тиюдың орнына одан сайын көруге талпынысым артады. Бірақ, соңғы кездері өзімді қамшылап,қолға алып тек белгілі бір уақытпен кіріп жүрмін. Кейде ойыма осындай қызық сұрақ келеді. 1 апта желі болмай қалып, жарық болмаса жағдай не болады екен? Сол сұрақты ойымды мазалайды. Бәлкім, кейбір адамдар әлеуметтік желіге кіруін тоқтатар деп те ойлап қоям. Оны қойыңызшы, бұрынғы кезеңде ата-бабаларымыз ұялы телефонсыз қалай жүрген?            Қорыта келе, алуан түрлі қауіпті нәрселерден сақтаныңыздар! Абзалы, әлеуметтік жүйеге сирек кіріңіздер. Өзім де соған үйренемін. 

      



Бөлісу: