Бәріміз білетіндей қазіргі таңда елімізде жоғарғы оқу орындарының саны жеткілікті. Мамандықтар да , білім де заман талабына сай. Бірақ, ең өкініштісі-осы жұмыстардың оң нәтиже бермеуі. Соншама жыл оқу орындарында білім алып,оны ақырында түлеп шыққаннан кейінгі жастардың жұмыс таппауы бар.Тек жастар емес,ересек адамдар да жұмыс десе бастары ауыратынды шығарған. Оған не себеп?
Егер сіз тек ақша үшін жұмыс істесеңіз, оны ешқашан жеткілікті мөлшерде таба алмайсыз. Ал егер жұмысыңызды сүйіп істесеңіз және тұтынушыларыңызды бірінші орынға қойсаңыз, мол табысқа кенелесіз.
Ең әлеуден ақ мамандық таңдау кезінде қателескен жастар да бар. Ата-анасының көңіліне қарап, солардың үмітін ақтаймын деген үмітпен, кез келген грант иегері болатындай мамандық таңдаған жастар , ертең сол мамандықпен жұмыс жасамай, басқа салаға кетіп қалмасына кім кепіл? Осы сәтте тағы да» өкімет қайда қарап отыр?»- деп шығамыз. Алайда, амалсыз жасап жатқан жумыстың сапасыз болуы анық екендігін барлығымыз білеміз. Осы мәселе де соңында жауапкершілікке алып кеп тіреледі. Қазіргі таңда өтірік диплом алып жатқан жастар да жетерлік. Көпке топырақ шашып керек емес, әрине. Алайда сол бір дипломды барлығы бірдей қолдарына алған сәттен бастап,олар өз салаларында бірден бәсекелестерге айналады.Сол бір жұмысқа орналасу бәсекесінде де, ол жұмыста жетістікке жету бәсекесінде де қатысатын адамның сипаты әртүрлі. Ол – қоғамдағы өзінің жауапкершілігін сезінетін, сапалы жұмыс жасай алатын адам болуы мүмкін. Ол- өз қызығушылығының арқасында жүрген немесе өз танысының арқасында жүрген болуы да мүмкін. Ол – амалсыздан отбасын асырау үшін, ақша табу үшін жүрген шарасыз адам болуы да әбден мүмкін. Бұл дүние жұмыс істемей ақша тапқысы келетін жалқаулардан және байығысы келмей жұмыс істеуге дайын ақымақтардан тұрады демекші,ол нәрсе әркімнің өз санасына байланысты.
Алайда, мен бұл мәселеде өкіметтің қатысы жоқ немесе ол сүттен ақ ,судан таза демеймін.Бұл жердегі өкіметтің міндеті- осы әр түрлі сипаттағы адамдары,жас мамандарды немесе отбасында асыраушысынан ересек адамдарды жұмыспен қамту. Және олардың жетістікке жетуі , сапалы жұмыс жасай алуы үшін барлық мүмкін жағдайларды жасап берумен ғана шектеледі. Сонымен қатар , таныс арқылы жұмысқа кіру сияқты заң бұзушылық кезінде , оларды жазалау , басқаларына ескерту жасау болып табылады .
Қортындылай келе, жумысты табу барысында болсын, ол салада жетістікке жету барысында болсын, барлығы әр түлғаның өз қолында. Ал жұмыссыздық тек – сылтау . Сенің жек көретін жұмысың – әрбір жұмыссыздың арманы! Сол себепті ең алдымен сапалы жұмыс жасасақ , қоғамдағы жұмыс мәселесі шешілер ме еді?!