Кім, сен өлең айтпасаң, не болады?

Өзім ән айтамын, бірақ көпшіліктің алдында емес, бір-ақ адамның алдында ғана)) Содан болар, қарап отырып, ыңылдап ән айтқан адамдарға бір қызық кейіппен қараймын. Адамдардың осы қасиетке байланысты типологиясы бар шығар, иә?!

Болмаса, өзім-ақ типолог бола саламын. Мәселен:

І тип: ыңылдап ән айтқанды ұнатады, жанындағы адамның ол туралы не ойлайтыны маңызды емес, оған кедергі келтіріп отырмын деген ой болмайды, бірақ даусы құлаққа жағымды.

ІІ тип: олар ыңылдаптан сәл жоғары дауыспен ән айтқанды ұнатады, жанындағы адамның ол туралы не ойлайтыны маңызды емес, оған кедергі келтіріп отырмын деген ой болмайды, бірақ даусы жүйкеңіздің ең қатты шаршаған жүйесіне барып тисе, салып қалғың келеді.

Ыңылдап ән айтып, жанындағы адамның ол туралы не ойлайтынынан бейхабар адамдардың әнін тыңдап, қызықтағанды, оны видеоға түсіріп отыратындар ІІІ типке жатады.

Ал төртінші тип «Кім, сен өлең айтпасаң, не болады?» деген риторикалық сұрақтың иелері.

Ол үнемі менің сол жағымда отырады. Ол білмейтін ән жоқ, сірә! Бірақ, әнші емес. Мен онымен караокеге баруға да ұяламын. Құлағына жаңадан сатып алған құлаққабын тығып алып, аузы жыбыр-жыбыр етіп ән айтады, кейде даусы шығып кетеді. Мен елең ете қаламын. Ол менің типологиям бойынша І типке жатады немесе жатады-ау. Соңғы риторикалық сұрақтың иесі болғым келеді... кейде. Әсіресе даусын 8-ге созғанда. Бұл терминді мен 1-сыныпта солист боп жүргенде Света апайым айтқан еді. Мен «ааа» деп бірінші дауысты ұстағанда аяғын тырсылдатып тұрып, 8-ге дейін санайтын, сонда мен 8 секунд ааалап тұруым керек деп ойлайтынмын, әлі де солай ойлаймын. Былай даусы тым жақсы, тональность деген терминнен ауытқымайды әйтеуір). Шынын айтсам, мен үшінші типке жатамын.

91 демекші, оның өлеңді тез-тез оқитын қабілеті бар. Мынадай талтырмаш рэпті қалай-қалай оқиды өзі деп, таңғалғанмын. Бұл әлі таңғалдыратын секілді...  

Осы ыңылдаған дауыстың иесі! Бұны оқып отырып, күліп отырсың. Содан соң телефонды алып, «Жапырақ?» деп қоңырау шалайын деп отырсың)) Күтемін!

Оқырман, сіз қай типке жатасыз? 



Бөлісу: