Кім кінәлі?

 

Технология заманы,заман  дамуы десек те,әлі де жағдайы төмен жандар өте көп.Бірі өзін,ал енді бірі мемлекетті кінәлайды.Әрқашан да кінә екі жақтан болатыны анық.Қоғамды да,мемлекетті де түсінуге болады.Жыл сайын жоғарғы оқу орында оқитын жандардың степендиясын көтеріп,әлеуметтік жағдайы жоқ жандарға көмек көрсетіліп келеді.Мәселен,менің анам мектепте жұмыс істейді.Сыныбындағы оқушылардың 50% денсаулығына байланысты,әлеуметтік жағдайына,көпбалалы отбасыдан тәрбиеленетіндіктен жәрдемақы,әр оқу жылы басталған сайын киім,оқуға қажетті тауарларды,тегін әр ай сайын автобус билетін алады.

Менің ойымша,әрдайым мемлекеттен талап еткенше, сол мемлекетке мен не істедім?-деп сұрақ қою керек секілді.Әлеуметтік желіде де,әр нәрсеге негатив жазып,міндетсіну-ақымақтық.Аялдамада тұрған сәтте,орындықты бұзып,әйнек терезелерін сындырған адамдарды байқаймын.Бұл дұрыс па?Кейін оны әкімшіліктен талап етіп жатады.Неге жөндемейді?Неге қарамайды?-дейді.Оны бұзған мен бе?сіз бе?әлде әкімшілік пе?Адами қасиет,сабыр деген қасиеттер қайда қалды?

Діні де ,тілі де,ұлттымызда бір Түркияны қарасақ,иә біздің көрген отаршылдықты көрмеді.Бірақ,аздаған жылдың ішінде елін көтере алды.Туризмі дамыды.Әрбір үшінші қазақстандық Түркияға барса,теңіз астынан қала салып,саудасында дамыта алды.Оны жалғыз президенті жасаған жоқ.Оны барлық түрік отбасы бірлесе дамыта алды.Көршілес Өзбекстанда да әлеуметтік теңсіздік бар.Бірақ олар бір жерде ғана емес,он жерде жұмыс істесе де,құрылыспен айналысса да,отбасын асырай алды.Бәрі адамның өзінде.Жалқаулық болған адамда бір түйір жусан да өспейді.

Жағдайына,тағдырына,кейде расымен де жемқорлықтың әсерінен болашығына балта шабылған жандар бар.Оларға қарап,"мен президент болсам,бұл жанға көмектесер едім" дейміз.Тағы қараңызшы.Жемқорлықтың әсерінен дейді.Пара алған кім?-адам.Параны берген кім?тағы да адам.Халқымыз да "біреудің ала жібін аттама" деген жақсы сөз бар.Әр адам әрқашан да өзгеден емес,өзінен бастау керек.Сондықтан,әлеуметтік теңсіздікке басты себеп,кінә-ол адамның өзі,жалқаулығы.

Әмина Бақытбекова

Өскемен қаласы



Бөлісу: