Бүгінгі жастар телефонға телміріп,компьютердің алдынан түспейді. Сондағы Іздейтіндері жыр емес ,мән-мағынасыз дөрекі дүниелер… Менің ойым «қазақ жырларын ұрпақ тәрбиесіне қолдансақ» деген ой ғой.
Сана сүзгісіне салсақ,өткен күндердің де өнеге алар түстары болады. Мүны ұмытуға болмайды Соның бір көрінісі,кеңес үкіметі кезіндегі тәрбие жұмысы. Ол кезде жастар-ұландар (октябрят),жасөспірімдер (пионер)және жастар комсомол болып бөлінген екен. Әрқайсысына тән өз төсбелгі мен галстугі болатын. Бәрі бір сапта бой түзеп: «Біз Отанды қорғауға,оқып,еңбек етуге әрқашан дайынбыз!» деп ант беруші еді «Тимуршылар» ұйымдары құрылып,қараусыз қалған қариялармен мен көмекке мұқтаж жалғызбасты жандардың отқа жағар ағашын жарып,суын таситын.Қажет болса,ауласында тазалап беретн.Ал,бүгін ше?
Мәселен,сол кездегі қызыл галстукты Туымыздағы көк түспен ауыстыруға болады ғой.
Егер оқушылар арасынан тәртіп бұзушылар табылса,мәселені жалпы отырыстарда қарау қажет.
Көптің алдына шығарып,тәртіпке шақыру керек.
Расын айту керек,қазіргі жастардың жүріс-тұрысы көңіл көншітпейді. Көбісі алтын уақыттарын текке өткзіп жатыр… Бос кезде қос қолдарын қалтаға салып алып көше кезіп жүреді Олар тыныш жүрсе ештене емес қой ,бірдеңені бүлдіруге әуес келеді. Бұрын тәртіп сақшылары жұмыссыздар мен ішімдік ішетіндерді тауып, құрылыс жұмыстарына тартатын Тас қалаушылар мен сылақшыларға көмекші қылып қоятын еді Ал,бүгінде үйдегі үлкендердің аз-маз зейнетақысына күн көріп жүрген жандар да бар екені жасырын емес Сол сияқты мемлекеттен жәрдемақы алатындарда бар ақшаға алданып , жантайып жататынын қайтерсіз?
Тағы бірі білдей бір кәсіпті меңгеріп алудың орнына,мемлекетке қол жаюды әбден әдетке айналдырған.Сондықтанда да болар,Елбасының өзі осы мәселені мемлекеттік деңгейде көтеріп,биыл Жастар жылын жариялап отыр
Осы жайтты жан-жақты зерделеп,қазірден жолға қойған жөн.
Мен осылай деп ойлаймын, әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек.