Кешіккен көктем
жеке
блог
блог
Өз басым осынау гүл мезгілді асыға күтемін. Қыстың қытымыр аязы мен бет қаритын суығынан шаршаған көңлім жылулық пен жаңару іздейтіндей. Қыс пен көктемнің алмасар шағы, бір-бірімен сықылықтап қуаласпақ ойнаған балғын балаларды есіме салады. Біресе қыс көрінсе, біресе жылы көктем лебі сезіледі. Ақыр аяғында қартаң қыс қауқары қалмай артқа шегінсе, көктем керісінше жастық шақтың лебімен күшіне еніп, көңілшек қалпымен қысқа қарай көз жасын төгетіні-ай! Көктемнің жылы жауынын аңсамайтын жан жоқ шығар сірә! Көп күттірген ерке көктемге де сағындырғанды ұнататындай. Өзінің маңызын арттырып, жауап күттірген қыздай қылығымен келсе де, махаббат мерекесінің себепкері өз орнынан түспек емес. Көктем мезгілі кешіксе де, көңілдің көктемі кешікпесін!
Өрнек қандай су салған,
Жасыл қырат – жасыл сағым бусанған.
Жас шағымда жиі ағатын жұлдыздың,
Жұпар исін жұта берем жусаннан.