ҚазҰУ –менің мақтанышым
блог
ҚазҰУ –менің мақтанышым
Көптеген атақты шетелдік жоғары оқу орындарының қатарында ҚазҰУ-дың тұрғанын бәрімізге мәлім. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің ең үздік 200 университетінің қатарына енді, бұл біз үшін үлкен мақтаныш.Қазақстандық университет QS жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтеріліп, феноменалды серпіліс жасады. ҚазҰУ халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді. Әлемдік жоғары білім беру тарихында бұрын-соңды болмаған қарқынды дамуды көрсете отырып, 9 жыл ішінде университет шамамен 500 орынға алға жылжыды. Әлемдік рейтингте қысқа уақыт ішіндегі бұндай бірегей ілгерілеу «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ феномені» деп аталып шетелдік сарапшылар назарын өзіне аудартты. Көптеген шетелдік жоғары оқу орындары ҚазҰУ-дың оң тәжірибесін қолданысқа енгізуде. Алдыңғы қатарлы шетелдік университеттермен бірлесе қос диплом бағдарламасы және ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда, соның нәтижесінде Қазақстан бойынша ең көп шетелдік студенттер ҚазҰУ-да білім алуда. Тек соңғы жылдың өзінде олардың саны 15 есеге өсті. «Майкрософт» компаниясы ҚазҰУ цифрлық моделін ең озық тәжірибелердің бірі ретінде таныды. Университетте «ғылыми идеядан бастап оны коммерциализациялауға дейінгі» технологиялық дәліз құрылған. Оны тиімді пайдалану арқасында университетте 5 жыл ішінде ғылыми жобалар көлемі 2,5 есеге артты. Халықаралық рейтингі жоғарғы журналдардағы қазақстандық авторлардың әрбір бесінші жарияланымы – ҚазҰУ ғалымдарының үлесі. Соңғы 5 жылда университет инфрақұрылымның жалпы аумағы 50% пайызға дейін өсті. БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі «Академиялық ықпал» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде ҚазҰУ жаңа буын университетінің «Университет 4.0» моделін жасап енгізді. Нью-Йорктегі БҰҰ-ның штаб-пәтерінде таныстырылған «Университет 4.0» моделі халықарылық деңгейде кеңінен таратуға ұсынылды. ҚазҰУ әлемнің 12 елінде әл-Фараби орталықтарын ашты. Қазақ ұлттық университетінің әлемдік білім беру кеңістіктігіндегі көшбасшылық деңгейі басқа да халықаралық рейтингілік агенттіктерде көрініс табуда. ҚазҰУ әлемдегі үздік 200 экологиялық және ең озық технологиялық университеттердің үздік 50 тобына кіреді. Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы рейтингінде ҚазҰУ «АА+» бағасын иеленіп, жетекші еуропалық жоғары оқу орындарының қатарына енді. Барлық осы жетістіктер арқасында ҚазҰУ түркі және ислам әлеміндегі ең үздік университет ретінде танылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының
оқытушысы Шәріпқазы Нұртәліп
4 курс студенті ДЫбыс Гүлім