2021жыл. 13-қыркүйек.Ерте тұрып екі- үш сағат бойы дайындалып, толқып сүйікті университетіме қарай бет алдым.Аяқ киімімнің тазалығынан бастап, үстемдегі шалбар мен жейденің түп-түзу қырына дейін, тіпті үстіме сепкен әтірге дейін ҚазҰУ-дағы алғашқы күніме арналды.Ерекше талпыныс пен жиналған перваштардың қатарына үнсіз қосыла кетуді жөн санаған күйім сол, әлі ештеңе түсіне алар емеспін.
Жарайды, өтті ғой ол күнде.Дегенмен, ҚазҰУ-ға түсетініме ҰБТ-ты тапсырмастан бұрын сенімді болғанмын.Әрине, бұл оқу ордама деген ыстық ықыластан, тартысқа толы талпыныстан, маздаған махаббаттан туындаған ерекше сезімім, құрметім еді. Əрине, менің, иə-иə əсіресе менің математикаға деген ұмтылысым, тартылыс заңына бағынды ма,бағынбады ма білмеймін, механика-математика факультетіне қарай тарта түсті. Əйгілі ғалым- Ньютонның басына алма түскеннен кейін көптеген дүниелерге қолы жете түскені белгілі. Дегенмен менің басыма алма түспесе де қоржыныма грантка жетерлік балл түсті. Сол алма ғалымның басына топ ете түсіп, оған жетістікке жетер жолын ашты. Сол секілді менің жетістікке жетер жолым осы университеттен бастау алмақ
ҚазҰУ. Мен сені əлі сондай керемет көңілмен жақсы көрем. Болашағың биік болсын, Менің биік БОЛАШАҒЫМ!
☆☆☆
Дарасың жалғыз, сен биік көкте дарасың,
Əр сағат, уақыт ыстық боп маған барасың.
Перваштарың мен балмұздақтарыңды бақытқа,
Кенелтіп жатқан ҚазҰУ-ым мəңгі жасасын!
Атыңды бар ғаламға паш етемін,
Өмір жолы салған жоқ əлі етегін.
Бұйыртса маман болып оралатын,
Біліп жүр,мендей қызың бар екенін.
☆☆☆
Ертанова Аяна механика - математика факультеті, математика мамандығы,1курс .
Жетекші: ҚазҰУ филология факультеті, Шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Тлеулинова Мейрамкүл Бейсенбайқызы