АЛДАШЕВА КАМАР САГИНГАЛИЕВНА
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ЕУРОПА ТІЛДЕРІ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ, PHD докторы
Біріміз білсек, біріміз білмеспіз...
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 2003 жылы Орталық Азия университеттерінің ішінде бірінші болып Болонья университеттерінің Магна Картасына қосылды, бұл оның халықаралық ғылыми және білім беру кеңістігіне кірігуін көрсетті. Бүгінгі таңда университет 47 елдің 525 университеттерімен және ғылыми орталықтарымен белсенді ынтымақтастықта. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық, еуропалық және еуразиялық университеттер ассоциациясының мүшесі.
Ұлттық мүддені таныту жолында халықаралық қатынасар маңызды рөл атқарады. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті осы мүддені ұлттық деңгейде жүзеге асырып келеді. Оның дәлелдері:
- ҚазҰУ Орталық Азияда бірінші болып Халықаралық Университеттер Консорциумына (WUC) қабылданды (2014);
- Клинтонның Global Initiative University Network - Клинтонның Ғаламдық Бастама Университеті (CGI U) (2015);
- COMSATS ұйымы (2015 ж.);
- Жаңа Жібек жолы Университеттерінің Одағы (New Silk Road Universities Alliance, Қытай) және оның Директорлар кеңесі (2015);
- Silk Road University Network (Silk-Road Университеттер желісі, Оңтүстік Корея).
Сонымен қатар, ҚазҰУ-да ғылым мен білімнің халықаралық интеграциясы аясында жоғары технологиялы «Hewlett-Packard», «Samsung», «Cisco», «Konica Minolta», «Microsoft», FUJITSU және басқаларының жоғары оқу орындары мен зертханалары құрылды.
Университеттің шет елдерде өкілдіктері (Росток университетінің бірлескен химиялық зертханасы, Германия; Карачи халықаралық орталығы, ҚазҰУ фотохимия зертханасы, Пәкістан; Пекиннің шет тілдер университетіндегі Қазақстан орталығы) және шетелдік университеттерде әл-Фараби орталықтары бар.
ҚазҰУ Лотарингия (Франция), Ла-Сапиенца (Италия), Ресейдің Халықтар достығы университеті (Ресей), Каунас университеті (Литва), Осака университеті (Жапония), Ханкук университеті (Корея), Испанияның Валенсия политехникалық университеті және басқада университеттермен бірлесіп бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларын жүзеге асырады.
Университеттің базасында «Геоэнергетика» халықаралық қазақ-француз орталығы жұмыс істейді, оның мақсаты студенттерді Қазақстан мен Франция дипломдарын бере отырып бірлескен магистратура мен докторантура бағдарламаларына оқыту арқылы геология және энергия ресурстарын өндіру саласындағы қазақстандық ғылыми элитаны қалыптастыру болып табылады.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті - екі халықаралық желілік университеттердің - Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) университеті және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Желілік Ашық Университеті (ТМД ТМД) консорциумына кіреді.
Қазақ Ұлттық Университетінің бағындырған асулары – жетістіктерінің алғашқы сатылары десек те болады. Өйткені, мұндай қарқынмен, нәтижелі біліммен, шебер келісімдермен жетер биіктері әлі алда!..