Қазіргі қоғамға жүйелі көзқарас
блог
Мен бүгін қоғамдағы бірнеше тақырыпты қарастыратын боламын. Олар қазіргі жастарға үлкендердің көзқарасы мен қоғамдық көліктегі орын алатын жағдайлар.
Қазір үлкен кісілерден көп естіп жатамыз "қазіргі жастарға көңіліміз толмайды " дегенді. Оған себеп жастардың сөйлеу мәнері, киім киюлері, талғамы, ойлау қабілеті мен қызығушылығы, мәдениеті, жалпы айтқанда психологиясы олардан мүлде басқа. Ол кісілер совет дәуірінің тәрбиесімен тәрбиеленген. Ал, қазіргі жастар, яғни біз заманауи технологиялар ғасырының жаңа толқынымыз. Қазірде қоғамдық көлікте "жастар орын бермейді "дегенді көп естіп жатамыз. Оған себеп жастардың көбісі (мысалы, мен)қаланың шетінде тұрады. Қоғамдық көлікте күніне кем дегенде төрт сағат уақыт өткіземін. Таңертең ерте автобусқа кірсең, адам көп болады, кейде бір жағымсыз ойлар келеді екен, "Таң айтпай осы үлкен кісілер қайда барады екен?" деген. Менің бұл сөздерім үшін ашуланып отырған шығарсыздар, бірақ бұл шын маған кейде осындай ойлар келіп жатады(жасырмай-ақ қояйын). Мен автобуста отырғанда меннен үлкен адам кіріп келсе, орын беруге дайын тұрамын, (жағымсыз ойлар жәй таңертең ғана келетін ойлар ғой)
Тағы бір себепті айта кетейін, тағы бір себеп - көлік кептелісінің өте көп болуы. Мен өзім Алматы облысы, Қаскелең қаласының маңайында тұрамын. Өздеріңіз білесіздер Алтын Орданың кептелісін. Осыдан үш жыл бұрын Алтын Орданың кептелісі осылай еді, әлі сол қалпында, өзгерген жоқ. Бүгін осы блогта айтқым келген тағы бір мәселе - қоғамдық көліктегі адамдардың мәдениеті туралы. Кейбір адамдар ұялы телефонмен сөйлесіп, телефонның артқы жағындағы адаммен ұрсып тұрады, сол кезде боқауыз сөздерді де естіп қаламыз, бұл естіген құлаққа өте жағымсыз. Кейбір қыздар жиналып қатты қарқ-қарқ күліп, өзара әңгімелесіп отырады. Бұл да өте жағымсыз естіледі. Айтқым келгені, қоғамдық көлікте, қоғамдық орындарда өзіңізді барынша сабырлы, салмақты ұстауға тырысыңызшы)
Рахмет)