Қазіргі жастар мәдениетті ме?

Қазіргі жастар мәдениетті ме?
жеке
блог

    Қазіргі уақыт жастардың уақыты екенін барлығымыз білеміз.Бірақ, еліміздің болашағы деп айтатын жастардың мәдениетіне қатысты көптеген теріс пікірлердің бар екенін жоққа шығара алмаймыз. Еліміздің ертеңін сеніп тапсыратын жастар қаншалықты мәдениетті?

    Көбінесе, егде жастағы ата-әжелеріміз мектеп оқушылары немесе жастар қай жерде жүрсе де ерсі, жат қылықтар көрсетеді деп кінә артып жатады.Әрине, бұл пікірді теріске шығара алмаймыз.Көшеде немесе қоғамдық орындардан кейбір жасөспірімдердің сөйлеген сөзі мен іс-әрекетіне қарап тұрып ұялатын кездерде болады. Осындай әрекеттерге жол беретін бұл жастардың ата-анасы қайда қарап отыр?!

   Шын мәнінде, бұл жастардың кінәсі емес секілді.Бұның бәрі тәрбиемен санаға байланысты десем қателеспегендігім шығар.Себебі, ақ пен қара қатар жүретін секілді өз тәрбиелілігімен өзгеге құрмет көрсетіп, өзгеге де сыйлы болып жүрген жастарымыз қаншама.Сондықтан, баршаға бірдей топырақ шашпағанымыз дұрыс-ау сірә....