Қазіргі таңда мектеп оқушыларының тәрбиесі мен білім алуына аса назар аударылуда.«Болашақ-жастардың қолында»,-деп Елбасымыз айтқандай,болашағымызды қолына алатын жастардың негізі осы мектепте қаланады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты-жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру,халық дәстүрлерін дәріптеу,әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге тәрбиелеуде.
Дегенмен,қазіргі уақыт талабы жаңаша дүниелік көзқарас тұрғысынан жаңаша ойлап,шешім қабылдай алатын,креативті ойлау қабілеті дамыған тұлғаны,өз елі мен жерінің,туған тілінің жанашырын дайындауды міндеттеп отыр.Бұл міндет жаңа уақыт талаптарына төтеп бере алатын,кәсіби білікті,бәсекеге барынша қабілетті,ұлтжанды азамат тәрбиелеу ісінің өзектілігін алға тартады.
Сонымен,заман талабына сай білімі мен тәлімді тәрбиесі бар,қазақ жастарының арқасында еліміздің өркендейтіні анық.Олай болса еліміз үшін аянбай білім алып,ерінбей еңбек етуіміз қажет!