Қазақтың стандартты латын әліпбиі – Өркен Тоқтарұлы
Негізгі таңбалар
Латынша
Кирил-қазақша
Басылуы
Жазылуы
Аталуы
Оқылуы
A a
A a
а
а
B b
B b
бы
б
C c
C c
шы
ш
D d
D d
ды
д
E e
E e
е
е
F f
F f
еф
ф
G g
G g
гі
г
H h
H h
һа
һ
I i
I i
і
і
J j
J j
жі
ж
K k
K k
кі
к
L l
L l
ел
л
M m
M m
ем
м
N n
N n
ен
н
O o
O o
о
о
P p
P p
пы
п
Q q
Q q
қу
қ
R r
R r
ер
р
S s
S s
ес
с
T t
T t
ті
т
U u
U u
ұ
ұ
V v
V v
вый
в
W w
W w
дабылу
у
X x
X x
ғы
ғ
Y y
Y y
ай
й
Z z
Z z
зет
з
`
`
жуандық
Құрама таңбалар
Басылуы
оқылуы
Басылуы
Оқылуы
AE ae (Ää)
ә
NH nh (Ŋŋ)
ң
CH ch
ч
OE oe (Öö)
ө
(2) GH gh
ғ
(2) PH ph
ф
I` i` (Ĭ ĭ)
ы
(2) SH sh
ш
KH kh
х
UE ue (Üü)
ү
(2) - дыбыс құраудың қосалқы баламасы; Жақша ішінде таңбаның ықшам түрі.
Толықтыру:
1) i` таңбасы Qq, Xx, Oo, Uu, Aa, I`i` фонемалары бар жуан буынды сөздерде, қазақ тілінің үндестік заңы бойынша, жуандық белгiсi «`» қойылмай жазылады, ал оқылғанда [ы] болып оқылады. М: qisqa, uzin, xilim, alim, qorim, i`risti. t.b.
2) Бір буындағы бір дыбыс беретін екі дауысты дыбысты диграф деп атайды. Олар: ae[ә] aera [әра] мыңжылдық, ое[ө] poena [пөна] жаза және ue[ү] true [трү] шындық. Егер әріптер тіркесін яғни диграфтарды бөлек оқу қажет болса, екінші әріптің үстінен қос нүкте [ ¨ ] (трема ) немесе ұзақтық белгісі [ ‾ ] қойылады, мысалы poёta немесе poēta [поета] ақын. Латын тіліндегі қос таңбалы (диграф) ae, oe, ue дауысты дыбыстарының дыбысталуы қазақшадағы [ә], [ө], [ү] дыбыстарының дәл өзі. Бұл дыбыстар қазақ тілінде көбінесе бірінші буында келетіндіктен, диграф арқылы бейнелеу сөздің көлеміне онша әсер ете қоймайды. М: oezen, koel, daerya, kuen, tuen, Aebic, Aeset…
3) Қазақ тілінде, тіпті А.Байтұрсынұлының «Төте жазу» әліпбесінде [и] фонемасы болмаған, оның орнында [ і ] фонемасы бар. Шынтуайтында и дыбысы қазақтың і дыбысымен орны сәйкес келуі керек. Қазақ тілінде і дыбысы өзбек, ұйғыр, татар тілдерінде и болып келеді. Сондықтан [и] фонемасын қазақ тілінен шығарып тастаған жөн деген ойдамын. Ал [й] фонемасы бар. Латыншадағы Yy қазақшадағы дауысты-дауыссыз [й] мен [и] ге бiрдей қолданылады. Тіліміздің нақтылығын арттыру үшін бұны тек қана [й] фонемасына қолданған жөн. Ww да сол секілді дауыссыз у дыбысына қолданылу керек. Yy, Ww таңбалары дауыссыз дыбыстармен өзге дауыссыз дыбыстар мысалға Ll немесе Mm секілді [ы], [і], [ұ], [ү] фонемалары арқылы тіркесу керек. М: keliw, uwis, kiyiw, jetisiw, Jetisuw, suewret, ti`yim.
4) Iі таңбасы шет тілдерінен енген сөздерде, дауысты дыбыстармен тіркесіп келгенде [й] болып дыбысталады. М: Italia – італия, Russia – руссия…
5) Халқаралық өлшемге келтіру үшін, жер-су аттары мен адам есімдеріндегі ғ, ш, ф дыбыстарын құрама таңбалардың қосалқы баламалары (2) арқылы таңбалауға да болады. М: Manghistaw, Ghalim, Qaraghandi, Shi’mkent, Shaeymurat, Pharyza, Abish…
6) Бас әріптен латын тілінде адам есімдері (Iulia, Marcus, Caesar), географиялық атаулар (Roma, Europa, Italia), халықтардың атаулары (Latini, Romanus, Graeci )және зат есімнен жасалған сын есімдер жазылады (lingua Latina, theatrum Graecum, philosophus Romanus, nation Polona).
7) Бір буындағы екі дауысты дыбыс дифтонг деп аталады. Латын тілінде екі дифтонг бар. Олар: au[ау] және eu[еу] Eu-ro-pa [еуропа] Еуропа, causa [кауза] себеп.
8) Латынның Cc таңбасын «Codex Cumanicus» әдебиетіндегі қолданылуы қыпшақ тіліндегі «ш» дыбысы. Соған негізделіп, «ш» фонемасын белгілеуді жөн көрдім.
9) Ал латындағы Xх таңбасының қолдануына келсек, ол латынның классикалық түрінде [кс] немесе ұяң түрде [гз] болып дыбысталады. Бізде ондай дыбыс жоқ. Бір жағынан біз кирилицаның «х» әрпіне үйреніп қалғанбыз, ал екінші жағынан [кс] және [гс] дыбысы өзіміздің [ғ] фонемамызға біршама жақын. Сосын, XIII ғасырғы «Кодекс куманикус» әдебиеттерінде ол көбінесе [ғ] фонемасына қолданылған болатын. Сондықтан бұл әріпті [ғ] фонемамызға қолданғанымыз жөн болар деп ойлаймын.
10) Латыншадағы Hh таңбасы қазақ тіліндегі [һ] фонемасын белгілеуге арнадым. Бұл дыбыс қазақ тілінде сирек кездесіп, жиі қолданылмағанымен, құрама дыбыстарды жасауда ол өте қажет дыбыс таңбасы болып табылады. Сондықтан кез келген жағдайда бұл дыбысты қысқартуға немесе басқа дыбысқа пайдалануға болмайды. Таза өзін сақтау сөзсіз керек. М: sh, gh, th, ch, ph, nh, kh, zh, xh.
11) Қолдан келген жағдайда [ә], [ө], [ү], [ң], [ы] дыбыстарына құрама таңбалардың ықшам түрін қолдануға да болады. М: Äset (Aeset), änci (aenci), ädemi (aedemi), saŋlaq (sanhlaq), taŋ (tanh), Öskemen (Oeskemen), öner (oener), Ĭdĭrĭs (I’diris), sĭmbat (si’mbat), Sĭxanaq (Si’xanaq), Ürimci (Uerimci), ülken (uelken), üstel (uestel)…