Батылдық-адамзат бойындағы ой және жүрек түпкірінің сезімдері мен түсінігінің тоғысып алапат күш тұла бойдың түпкірінде мекен жаюы. Біздің көзқарасымызбен түсінігімізде ер жүректілік пен батырлық көбінесе ер азаматтарға тән болып сипатталады. Осы ұстанымды бұзған әйел заты қазақ қоғамы мен тарих сахнасына таңсық дүние емес. Қыз баласы негізінде ер адамнан нәзікте биязы болмысымен ерекшеленді, қолына қылыш ұстап, найза асынған қызғалдақтарымыздың қару жарақ пен жауға әуестігі қалай болғаны деуі ғажап емес сауатсыздардың. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болса, шіркін, қыз біткеннің тағдыры басқаша өрбуі мүмкін болар еді. Менің ойымша, халқын шауып, өздерін күңдікке айдауы және қыршыннан қылған тағдыр көріністері өзара шиеленіске келе өжетілікті батырлыққа ұластырды.
Қазақ қызы ежелден нәзіктігімен елді баурап, ақылдылығымен талайды тәнті еткен,өжет мінезімен көзге түскен,батылдылығымен тарихта өшпес ізі қалған тұлға.Елім деп еміренген, жерім деп тебіренген ерлермен сын сағаттарда қатар жүріп, қанатына айналған,дүниеге сәби әкеліп, ұрпағына үкілеп өсірген, олардың шырақтары тарих қойнауынан ешқашан сөнбейді .
Тұмар ханша (Томирис) - есімі тарихқа белгілі.Ол өз елінде талай жылдар билік етіп, қара қылды қақ жарған әділдігімен,даналығымен,көрегенділігімен сақ тайпасын дұшпандарынан азат етіп отырды.
Бопай-Кіші жүздің ханы Әбілқайыр ханның зайыбы, әрі мүдделері, қазақ тың соғы ханы Кеңесары батырдың қарындасы. Әбілқайыр ұстанған саяси шешімдеріне өзінің айрықша көзқарастарын білдіріп отырған.Қатардағы сарбаз бүлік- көтеріліс, соғыстарға да қатысқан.
Айбике-Бұланбай батырдың жары, барлаушы сарбаздар қолын басқарған ержүрек әйел. Ол қазақтың батыры Қабанбай ағасына жоңғар жасақтарының жорық жайын анықтап жеткізіп отырған.
Заман талабыма, жоқ әлде адам түсінігі ме IVғасырдың ортасында қазақ хандығы құрылғаннан бергі уақытта сан мыңдаған салт-дәстүрлеріміздің, қөптеген жөн-жоралғыларымыздың іргетасы қаланды. Солардың ішіндегі тамыры тереңге бойлағаны қыздарды ерте ұзатып, есебіне қалың мал қабылдауы немесе сәби кезінен атастырылуы еді.
Қазақ қызы болмысынан үй шаруасын жетік меңгеріп,тұла бойына сабырлылықпен сыпайылықты, даналықпен тәрбиелілікті дарыта білді.Балалық шаңғымен мезгілінен ерте қоштасты,себебі кәмелетке толмастан өзгенің ошағын тұтатуға,кей жағдайларда өзі қаламаған я болмаса өз әкесіндей жандарға ұзатылып жатты.Әрине,бақытты болып кеткендер де болмады емес,алайда өмір бойы қор болып өткендер ше? Жә... Өткенге мін тағудың маңыздылығы жоқ.Дей тұрғанмен зиялыларымыздың өзі Қыз Жібек, Баян сұлу,Еңліктердің өмірінің аумалы-төкпелілігін сипаттады емес пе?! Олардан өзге қаншама қыз тағдырына негізделген шығарма,еңбектер бар.
Қызды қырық үйден тыйу, он үште отау иесі, қыз баласы жалғанда ұл баладан ерте есейеді,қыздың жүгі ауыр әрі жіңішке, деген секілді сөздердің тарыхы тереңде екенін енді аңғарудамын.
IX ғасырдың басында қазақ елінің басына қара бұлт үйіріліп, бұрын соңды орын алмаған ғаламат дауыл барша әлемді қопарып өткендей сезілді.Ең ауырып сол алапат жойқыннан өзгелер сытылып шықса,біздің ел тірегіне айналған, ұлтты алдыға тартқан, халық мүддесі үшін өздерін құрбан еткен,бір сөзбен айтқанда ұлтымыздың көзі ашық көкірегі ояу,айтқан әр сөзі көкейтесті,жүйелі азаматтарды өзімен мәңгіге ала кеткен еді.Дәл осы оқиғадан кейін өздерінің артынан қалған жарлары мен балалары тірі өлікке айналды.Міне сол уақытта әйел-ананың төзімділігінің айқын көрінісі байқай аламыз. Өйткені оты сөнген ардақтыларының артында қалған ұрпақтарын және құнды деректі мұраларын қорғай білді.Жалғызбын, деп жасқанбады.Ұлтшылдың жарысыңдар,деген жала нәтижесінде ақжаулықтыларымыз да жазаланды.
Қазақтың кім екенін ұмыттырғысы келгендерге, кезектіде өскелең ұрпақты қазақ ауыз әдебиетімен сусындатып,өздерінің бар білгенін баяндап, тарихты ұмыттырмай дәріптеуді өздеріне парыз қылды.
Сексен жыл бұрынғы Ұлы Отан соғысына қатысқан ару қыздарымыз да баршылық.Қазақ қыздары соғыстың алғашқы кезеңінде-ақ майданға жіберулерін сұрап,әскери комиссариаттарға хат жазып, өтініштердің білдірген.Оқша борап, күңіренген жаудың айбынды екпінінен жасқанбай, сұрапыл соғыстың тозақтай ошағына енген Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Хиуаз Доспанова,Нұрғаным Бәйсейітова,Баян Байғожина,Халида Маманова секілді қарагөз қыздарымыз.
Хиуаз Доспанова-ұшқыш, авиация штурманы болып, аспанға көтеріліп неміс-фашистерді бомболады,тіпті жау арасында,,ночные ведьмы"деген лақап атқа да ие болған.Сонымен қатар ерен еңбегі үшін 2004 жылы Халық Қаһарманы атағына ие болды.
Сафарбекова Жауһария майданда радиостанцияны басқарды.Курс майданында шайқасқа қатысып бірнеше марапатқа ие болды.
Қазақ қыз-келіншектер Қиыр Солтүстікке, Украина мен Беларусия қалаларында, Москва, Ленинград, Сталинград қалалары үшін болған шайқастарда батырлықты, Отанға деген шексіз адалдықтың жарқын үлгісінде айналды.Соғысып қана қоймай ер азаматтар мен жауынгерлерге:Серпіліңдер!Берілмеңдер! Немістер қазір-ақ жер жастанады, деп рух пен жігерлерін, жеңіске деген үміттерін оятқан.
Бұндай ерлікті өз заманымыздағы аруларымызда жоғалтпағаны рас.1985 жылғы Желтоқсанның қанды көтерілісінің қаһармандарына айналған Ләззат Асановамен Сәбира Мұхаметжанованың жарқын бейнелері ешқашан көз алдымыздан кетпейді. Елі үшін, жері үшін қыршыннан кеткен,көлдей аққан көтерілісші жастардың қандары мен өмірдің қызығын көріп, тіпті соңдарынан ұрпақ қалдырар алмаған жандары жер қойнына тапсырылды, ұлт болашағына және оның әрі қарай тіршілік ететініне, әйтеуір бір әділдіктің орнайтынына қалтқысыз сенген күйлерінде оты сөнді ардақтыларымыздың.
Адам өз басымдылығы мен мықтылығын тек күшімен көрсетуі ақылға симайтын нәрсе. Әрине, өз өнерімен талайды тәнті етіп, білімділігімен қайраттылығын ұштастырып мемлекет өсімін дамытқан,әрі қазақ атауы күллі әлемге мәшһүр еткен апаларымызды тысқары қалдырғанымыз үлкен әділетсіздік болар еді. Батырлығымен ғана емес асқан талантымен де көзге түскен,жан дүниесінің үнін сезіну арқылы өлең-жыр жазған.Фариза Оңғарсынова,Марфуға Айтхожина, Ақұштап Бақтыгереева,Қанипа Бұғыбаева,Күләш Ахметова сынды ақын, жазушыларымыз қазақ жастары үшін, біздің сауатты болуымыз үшін, қазақша шығармаларды мұра етіп қалдырды.Өзгеден дара шапқан,бойындағы алпауыт күштің барлығын ақындық, жазушылық жолға арналған.Бүгінгі күнде де, жас ұрпаққа кітап арқылы осы даралықты сіңірудеміз деп есептеймін.
Қазақтың ән мен күйін дәріптеп, жетік меңгерген және сол шеберлігін бүкіл әлемге паш ете білген, дауыстары сыңғырлап аққан бұлақпен, орманды жандандырған бұлбұлмен тең өнердегі бұлбұлдарымыз аз емес.Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Күләш Бәйсейітова,Роза Джаманова сынды сұлу да сымбатты бейнелерімен әлемді тамсандырып, құлақ құрышын қандыратын дауыстарымен баурап алуға шебер таланттыларымыз кіндік қаны қазақ жерінде тамды. Үндерін естігенде ғажап сезім сездіртетін, әрі еліктіріп әкететін жандар болып дүниеден озды емес пе?!
Өз замандарында көгілдір экраннан ойып тұрып орын алған, халықтың көзайымына айналған Амина Өмірзақова, Меруерт Үтекешова, Роза Әшірбекова, Жанна Керімтаева, Сәбира Майқанова,Гүлнар Дүсматова, Раиса Мұхамедиярова секілді кино саңылақтары, сол уақыттың Қазақфильмінің шыңына биік өрлеген еді. Әр сомдаған кейіпкеріне жан бітірген тума таланттар ғой шіркін!
Әдебиетіміздің шыңына шығып, бастауы болған.Қайнар бұлағын өз қолдарымен ашып, негізін қалаушы зиялыларымыздың, шешендігімен суырып саламалығы қатар шапқан, көкейкесті ойшылдарымыздың жыр-өлең жинақтарында, нақыл сөздері мен аса көрнекті әрі құнды шығармаларында, дәл осы қазақ қыздарының тылсым бейнесі сан алуан шеберлікпен,еліктіре суреттеледі. Әдебиетке сүңгіп терең бойлаған сайын,жаңа белестер ашылып,ой-өрісің кеңейіп,өміріңнің жаңа бір есігі ашылады.Қазақ ауыз әдебиеті немесе жазба әдебиетімізде болсын, ұлттың жүрегі яғни,ақ жаулықты ана қасиеттері сан тараптан түрлендіріліп, сараландырылып жеткізіледі.Өйткені,ол ең бірінші туған жерінің,екінші ұлтының,үшіншіден отбасының айнасы,намысының нышаны екенін сонымен қатар, тәрбиесінің беріктігін аңғарамыз.Міне, осындай елеулі азаматтардан мұра болып қалған дүниелер, ұмытылмақ емес.
Осында есімі аталған әр жанның біз үшін орны ерекше.Оны ешкім біздің түп санамыз бен жүрегімізден өшіре алмайды.Өздері өмірден озғанмен, біздің жүректе мәңгі тіршілік етеді.
Бұл тізімде аты аталмаған қаншама апаларымыз бар десеңші.Менің осылай баяндауыма не түрткі болды? Асылы ел болмақ-анадан!Ел өлсе де-анадан, беті аулақ, өшсе де-анадан!Сол қайсар аналар тағдырына өз дәрежесінде зер салып жүрміз бе? Толғандырған да, қолға қалам алдырғанда осындай аяулауға, үлгі алуға лайық аналар тағды еді.
Үйінде ошағының түтіннің түтетіп,балаларына асыл ана, жарына ақылшы,жау тұлында қалғанда тапқырлығымен, рухтылығын көрсетіп, бар адами қасиеттерді бойына жиа білген өр тұлға.Елі үшін кеудесін оққа төселген батырларымыздың, ,,Оян Қазақ! "деп рух берген зиялыларымыздай жандарды дүниеге әкелген осы-Ана.
Қыз өссе елдің көркі деп дана халқымыз бекер айтпаған,жоғарыда айтылған жандардың салып кеткен жолдарын жалғастырып, ізін бассақ алар белесіміз зор болмақ.Қазақ халқының одан әрі дамуына, ұлттың мүддесін әрқашан қорғауға және әжелеріміз бойымызға сіңірген тәлім тәрбиені ешқашан жоғалтпауға бекіндік.
Қызды көбісі әлсіз, нәзік санаса енді бірі олардың орны тек ошақ маңайы мен бала тәрбиесі деп есептейді.Бұл қаншалықты дұрыс? Менің сараптауымша адам құқығы әспетте бәріне тең.Қазіргі таңда бұл мәселенің өзектілігі әлемдік деңгейге жетті.Бір қуантарлығы әр елдің салты басқа демекші,біздің ел үшін ер азаматты құрметтеу,жоғары санау атам заманнан қанға сіңген қасиет. Ежелден-ақ бойында жан-жақтылығы қалыптасқан қазақ әйелдері ерлерін өз дәрежесінде сыйлады,сонымен қатар ерінің бір көзқарасынан-ақ оның не айтқысы келгенін сөзсіз түсінген.Содан болар апа-аталарымыздың отаулары мәңгілікке ұласуы.
Қазіргі уақытты, адамдарды, ой-сананы, жалпы өмірді өткенмен салыстыруға мүлдем келмейді әрине.Дегенмен де дами отыра тарихты дәріптеп жаңғырту және шығу тегімізді біле отырып соған сай болу артта қалғандықтың я болмаса ескіліктің белгісі емес. Керісінше сол ғаламат тұлғалар қасіреті мол жолдан, жарқын да бейбіт өмірді аманаттады.Біздің міндет соны гүлдендіру, бағалау, өркендету әрі лайықты болу.
Ұлт ертеңгі болашағын қызға қарап болжауға болады. Бұлай кесіп айтуымның мәні, ұлтты құрауышы-халық, халықты құрауышы-адам, адамды адам-ететін оның бойындағы қасиет-адамгершілік,адамгершілікті ең алғаш дарытатын-Ана. Ел болам десең-бесігіңді түзе,бесігің берік болсын десең-қызды бағала!