Қазақтың 3 дерті бар олар-сауатсыздық,көреалмаушылық жəне қорқақтық
жеке
блог
блог
Ең бірінші дертіміз – ол сауатсыздық.Сауатты адам дегеніміз бүкіл ғылым-білімді судай ішіп,ақылы дария болып ағып төгілу емес.Кешегі от ауызды орақ тілді бабаларымыз оксфордта оқып,Қаз дауысты Қазыбек би бабамыз кэмбридждің дипломын алып,шешен,абыз атағың алған жоқ.Демек сауаттылық дегеніміз қызыл диплом алып шаршы топты жару дегеніміз емес.Сауаттылық дегеніміз алыс-жақынды ойлау жəне қарым қатынас жасай білу.Сасқан үйрек артымен сүңгиді дегендей,біздің халық ойланбастан қадам жасай береді.Айналаңызға қараңызшы қай жерде көрсеңізде жұмыс таба алмай бұралқы иттей қаңғып жүрген өзіміздің қазекеңдер,Құл базарда немесе соған ұқсас жерлерден жұмыс табып есектей еңбегің еріңбей өтеп,құйрығы жер иіскемей қызметің атқарған соң келіскен жалақысынан көк тиін ала алмай сорлап жүрген қазақты көрген кезімде шыңбайымада жаңымада батады.Біздің қазақ өз жеріңде отырып өзгеге құл болып отыр.Бірақ оған ешкімді кінəлəмəуіміз керек.Оған тек кінəлі өзіміздің сауатсыздығымыз.Себебі бір керемет қазақта мақал бар "Қазақта кедей жоқ жалқау көп"Сауатсыздық пен жалқаулық бір арнаға тоғысқанда ешқандай ісің өрге əзиз басың төрге бармас.
Екінші осы заманда да, бұрыңғы өткен заманда да қазақта болған əлі де жалғасып келе жатқан дерт бар-ол көреалмаушылық.Болар елдің балалары бірін-бірі батыр дейді дегендей, бұл мақалды осы дерттең шаршаған қайраң бабам айтқандай көрінеді. Біздің өз ішімізден талай ғалымда,батырда,данышпан да шыққан əлі де шығады,бірақ біз солардың қадіріне жете алмаймыз ау. Неге десеңіз күйе жағу біздің қанымызға сіңіп қалған сияқты. Тасада отырып тас ату əлімсақтан қазақтың сүйген ісіне айналғандай.
Біздің қоғамдағы үшінші дертіміз-ол қорқақтық. Кешегі ашуланғанда жер бетің дүр сілкіңдіріп,ұзақ уақыт ойраң салатын құйыңдай құйыңдатып,жағаласқанның жағдайың қиындатып жіберетің халық едік,амал нешік құлдық санадан əлі босай қоймаған халық екенбіз.Өз жеріңде,өз еліңде еркін сөйлей алмасан,еркін жүріп тұра алмасаң,еркіңдік таңы атты деуден не пайда.Біздің халық өз көлеңкесінен өзі үркетің тұлпардай болып отыр.Қазекең қауіп жоқ жерден қауіп,су жоқ жерден балық күтетің сияқты.Сөз соның Абай атамыздың бір ауыз сөзімен аяқтағым келіп отыр:Алла деп жылау үшінде адамға білім керек.