Қазір бәріне не керек?Біреудің қиналып,қор болып жүргеніме,әлде өлім аузында жатқаны ма?Жемқорлық жайлап жатқан заманда өз қара басын ойлау,ел аузындағын іліп алып оны жұртқа тарату ма?Бәрі де бар бәрі!Соның құрбаны болған осы 5 жігіт болып отыр.Бізді 'қарттар үйінің бес есеге артқаны емес' осы 5 жігіттің ән айтқаны толғандырғаны ма?Оқу орындарындағы кең етек алып жатқан жемқорлық емес,5 жігіттің қалтасы қызықтырғаны ма сонда?Қыз-келіншегің көшеде тәнін сатып жүргені емес,маңдай терімен ән айтып табыс тауып күн көргені де жұртқа қызық екен.Қоқыста жатқан сәбидің жан даусы емес,5 жігіттің жырын әлі айтып жүргені ме?Бәріне көз жұмып қараса да,5 жігітті даттауға дайын тұрғандары ма?Жігіттік намысты ойлап қалатын жігітер-ай.....Неге?Неге біз осыншама өркөкірек болып барамыз?Қазақтың соры осы 5 жігіт бола қалғаны ма?Қазақ тілін білмеген қазақтардың қасында өзге елді қазақша сөйлеткен осы топ емес пе?Тапқан таянғанын мүгедектерге,жетім балаларға қол ұшын созғандар осылар емес пе?Ешқандай да қазаққа жат қылық жасап жатқан жоқ,елімізді бүкіл дүние жүзіне атағын шығаруда.Ол сізге не зиянын тигізіп жатыр соншама,әр қалаға барып жанкүйерлерін қуанышқа бөлеп концерт береміз дегенде үміт отын өшіріп қуып нелерің бар еді?Сендерге еш зияны тиген жоқ,пайдасы жоқ деп санайтын болсаңыздар жай ғана көз жұмып қараңыздар!Біреудің мінін түзеп,ақылгөй болғанша еліңе пайдаң тисін,қай жағынан болмасын,тек 5 жігіттің өмірі қызығатындай болсын.Қазақстанда шоу-бизнес барма өзі?Әлде барлығы тойдан табыс тауып жүр ме?Ал бұл 5 жігіт болса,шоу-бизнестін негізін қалаған десем артық етпес.Оларға айтылған пікірлер де толассыз.Қызтеке,жігіт дейтін жерлері жоқ деп даттайды!Неге?Сырға таққаны үшін бе?Бұрында Қазақстанда осындай топтар құрылғанда неге соларға халық жабылмады?Иә,бұл Қазақстан!Оларға өз үлесіңізді қосып,қолдаңыздар,не болсада бір күні қазақ елін мойындатар 5-тік боларына кім кепіл?