Қазақстан тәуелсіз және егеменді мемлекет

Еліміздің тәуелсіз әрі егеменді мемлекет болып қалыптасуы оңай жолмен келген жоқ.Оған ең үлкен әсер еткен оқиға деп біз КСРО-ның жүйелік дағдарысын айта аламыз.Нақтырақ айтсақ құрамындағы халықтардың орыстандыру саясатына деген наразылықтары.

Сол кездегі КОКП ОК-нің басшысы болған М.С.Горбачевтің құрған "қайта құру" секілді реформалары да КСРО-дағы дағдарысты жоюға айтарлықтай көмегін тигізбеді,күтілген нәтижесін көрсетпеді.Осыдан кейін 1986 жылы өзіміз білетіндей ызғарлы Желтоқсан оқиғасы орын алды.Тәуелсіздік туралы сөз қозғағанда бұл оқиғаны атап өтпеу мүмкін емес, себебі қайта құру мен жариялылық кезеңдеріндегі еліміздің егемендікке деген ұмтылысы мен жігер-қайратының дәлелі осы болды.Бұл оқиғалардан кейін ендігі кезекте компартия әлсіреп, республикада әртүрлі партиялар пайда болды,осының есебінен жариялылық орын алды.Жариялылық өз кезегінде сөз бостандығын алып келді.Оған дәлел: КСРО-ны тарату туралы пікірлердің ашық талқыға салынуы,"Қазақ КСР-ндағы тілдер мен тіл саясаты туралы" заңның қабылдануы және т.б.1990 жылдан бастап КСРО-да президент ұғымы енгізілді,сол кезеңде Қазақстан Компартиясының Бірінші хатшысы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.Осыдан оқиғадан кейін осы жылдың қазанында еліміздің мемлекеттік егемендігі жарияланды.

Егемендік жарияланғаннан кейін біздің еліміздегі компартияның қызметі де аяқталды.1991жыл 1желтоқсанда президент сайлау өтті.Қазақстан Республикасы президенттік-парламенттік нысанға ие унитарлы мемлекет ретінде қалыптасты.Тұңғыш президентіміздің бастамасымен мемлекетімізде халықаралық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды,сыртқы саясат дамыды, яғни 100-ден астам мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнады,елордамыз Астана қаласына көшірілді.2019жылы қазіргі елбасымыз -Қасым-Жомарт Тоқаев президент болуға ант қабылдады.

Еліміз тәуелсіздік жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткергенмен,одан кейін тәуелсіз даму жылдарында үлкен жетістіктерге жетті.Бүгінде біз өз туы мен әнұраны бар,ұлттық рәміздері бар,кең байтақ жерге ие демократиялық-егеменді мемлекетпіз.Мемлекеттік іс-шаралардан бөлек қазақтың ұлттық құндылықтары қалыптасты,әлемдік сахнадан елеулі орынға ие болды.Қазірде мемлекетіміз дамуын тоқтатқан жоқ еліміздің ары қарай да дамуы үшін әртүрлі стратегиялар мен даму бағдарламалары да жүзеге асырылуда.



Бөлісу: