Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын талқылауға а

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын талқылауға а
жеке
блог

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел

 

2017 жылғы 10 ақпан күні сағат 11.00-де ҚР Бейбітшілік және келісім музейінде «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.

2017 жылғы 25 қаңтарда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасын бүкілхалықтық талқылау туралы өкімге қол қойған болатын.

Бұл іс-шараның басты мақсаты – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» билік тармақтары өкілеттіліктерін қайта бөлуге қатысты үндеуін талқылау.   

Аталған дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы БҒМ ҒК мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Ермек Қалиұлы Нұрпейісов, Бейбітшілік және келісім музейі директорының ғылым жөніндегі орынбасары, ғалым-хатшы Аманбек Мұқашұлы Мұқашев және музей қызметкерлері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

ап

нур
Алғашқы сөз кезегін алған Аманбек Мұқашев, Елбасы ұсынысымен жасалған реформалар еліміздің дамуына тың қарқын беріп, ел Үкіметі мен Парламентінің беделін көтеріп, мемлекет басқарудағы олардың жауапкершілігін арттыратындығы туралы пікірін білдіре отырып, Елбасы ұсынысын толық қолдайтынын айтты. Келесі сөз кезегін алған Қазақстан Республикасы БҒМ ҒК мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Ермек Қалиұлы Нұрпейісов Президент, Үкімет және Парламент ісі, Жоғарғы сот, Прокуратура ісіне жеке-жеке тоқталып, талқылады. Мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу еліміздің бірізді дамуына ықпал етпек және жасалған реформалар алдағы уақытта республиканың саяси жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған бірқатар міндеттерді шешуі тиіс. Қазақстан өзі таңдаған, өзіндік бағыт-бағдары бар, дамудың даңғыл жолына түскен мемлекет. Сондықтан бұл дер кезінде қабылданған шешім. Аталған жаңа бағыттардың мемлекетімізді одан әрі нығайтатынын және биліктің барлық тармақтарының жауапкершілігін артатынын айта келіп,  Үкімет пен Парламентке өкілеттілік берілгенімен, негізгі төреші Президент екендігін атап көрсетті. Қатысушалыр тарапынан 26 бапқа байланысты қойылған сұрақтарға, «өзгерістердің барлығы талқылануда, мұндай мәселелерге атүсті қарауға болмайды, әрбір Қазақстан азаматы өз пікірін білдіруге міндетті және қабылданған өзгерістер еліміздің әрі қарай дамуына және елдің тұрақтылығына қызмет етеді», - деп, сендірді.

 сараптама

Қазіргі таңда Үкімет пен атқарушы органдар, Парламент және оған қатысты саяси партиялардың халық, мемлекет және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілі артты. Сондықтан ел болып, халық болып осы реформа негізінде зор табыстарға жетіп, алға қойған мақсаттарымызға абыроймен жетеміз деп сенеміз.  

 нур

 Бейбітшілік және келісім музейі

ғылыми қызметкері                                                           Дәмежан Елемесова