Жас кезде адам қызба келгенімен, жастық жалынының арқасында ертеңгі ғұмырына үлгі боларлық істер атқарып жатады. Әйтсе де, қызуқандылықты салқын ақылға жеңдіргеннен ешкім ешқашан ұтылмасы анық. Әсіресе, теңіздей терең саяси өмірде жас адамның бойына ең бірінші керегі – ұстамдылық. Болашағынан үміт күткен ел, ең алдымен қоғамдағы жастар мәселесіне көңіл бөледі. Қазақстанда да жастар саясаты бар екені және қоғамның дамуына белгілі бір дәрежеде үлес қосып келе жатқаны шындық.Арнайы жобалар дәл осы біздей жастардың саяси белсенділіктеріміздің арттуына арналған.
Мемлекет жастар саясатына басты назар аударып келеді. Мұның айқын дәлелін Елбасымыздың сөйлеген сөздерінен көруімізге болады. Бірақ соған қарамастан жастардың қоғамдық ұйымдарының қызметінде белгілі бір кемшіліктер де көрініп тұр.
Біріншіден,жастардың ұйымдары әлі саяси ұйым деңгейіне жеткен жоқ. Қоғамдық ұйымдар белгілі бір универ деңгейінде ғана әрекет етіп келеді. Олардың қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі белсенділігі төмен.Екіншіден, горизонтальды белсенділік төмен деңгейде. Яғни жастардың түрлі қоғамдық ұйымдары бірлесіп белгілі бір мәселені шешуде салғырттық көрінуде.Үшіншіден, осы жастардың қоғамдық ұйымдарының басшыларының вертикальді және горизонтальды белсенділігінің төменділігі. Ұйым басшылары белгілі бір универ шеңберінде ғана әрекет етіп келеді.Жастардың белсенділігін арттыру мақсатында түрлі істер атқарылуда.Білім берудің мемлекеттік стандарты бойынша барлық жоғары оқу орындарында саясаттану пәні оқытылады. Мұндағы басты мақсат – жастардың саяси сауаттылығы мен белсенділігін арттыру. Мұның бәрі саяси мәдениеттілікті қалыптастыру үшін қажет. Саясаттану салыстырмалы түрде жас пән болғандықтан жастар арасындағы жаппай саяси сауаттылық жайлы айту әлі ерте. Жастардың саяси білімінің артуына біршама уақыт қажет. Дегенмен, бұл мәселеде белгілі бір прогресс байқалуда. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында гуманитарлық ғылымдарға, оның ішінде саясаттану ғылымына ерекше назар аудару көзделген. Демек, мемлекет қоғамның ғана емес, жастардың да саяси сауатты болуына мүдделі. Демократиялық мемлекет құру үшін қазіргі жастардың саяси сауатты болуы маңызды.Саясаттан тыс, адам қызметінің басқа да салаларында оқитыны, жұмыс істейтін жастарда кəсіби қызметте, қоғамдық өмірде азаматтық белсенділік танытулары үшін олар мемлекет саясатын, өз саласындағы мемлекет саясатының басымдықтарын жақсы білуі, оларға сүйенуі керек.Саяси сауатты жастар қоғамдағы саяси үрдістерге ықпал ете алатын, əсіресе мемлекетті басқаруға, басқару органдары ісіне қоғамдық көмек беруге дайын болады. Немесе өз қызмет саласында мемлекеттік саясат ұстанымдарын жүзеге асыруға саналы түрде кіріседі.Саяси сауаттылық жастардың саяси сезімдерін тəрбиелейді. Қоғамдағы саяси оқиғалар мен процестерді дұрыс қабылдауға, өзі іс-əрекетінде басшылыққа алуға, қоғамға теріс саяси- идеологиялық əсерлерге берілмеуге иммунитетті қалыптастырады. Сонда ғана жастарымыз тəуелсіз Қазақстанның саяси құндылықтарын қорғауға даяр болады.Елімізде жүргізіліп отырған жастар саясаты артықшылықтар мен кемшіліктерге ие. Басты артықшылық – мемлекет жастарға көңіл бөлуде. Бұл бағытта іс-шаралар жүргізіліп келеді. Басты іс-шара жастар саясаты саласының құқықтық институциялануы болып табылады. Яғни жастар саясатын жүзеге асыру үшін мемлекеттік деңгейде нормативті база қалыптастыру маңызды. Бірақ осы мәселеде мынадай кемшілік көрінуде: жастар саясаты бағытында түрлі бағдарламалар қабылданғанымен, оларды жүзеге асыруда олқылықтар жіберілуде.Жастар саясаты жастарды саяси құрал ретінде емес, олардың негізгі мәселелерін шешуге бағытталуы керек. Жастарды тұрғын үй, жұмыспен қамту, өмірде өз орнын табу және өзін-өзі дамыту мәселелері толғандырады. Сондықтан жастар саясаты осы бағыттарға сәйкес қалыптастырылуы орынды.Жастардың басым көпшілігі тәуелсіз Қазақстанда дүниеге келген. Сондықтан жастардың саяси белсенді болғаны маңызды. Ал қазіргі таңда жастардың басым көпшілігі саяси белсенді емес. Мұндай саяси мінез жастардың мүлдем саясатқа қызығушылығының жоқ екенін білдірмейді. Жастар әлеуметтік желіде, тұрмыстық деңгейде саяси белсенді. Ал бұқаралық деңгейде біз саяси белсенділікті байқамаймыз.Меніңше, мемлекет бұл мәселеде жастарға көп көңіл бөлуі тиіс.Мемлекеттік идеология мәселесі әрқашан актуалды. Әсіресе, мемлекеттің болашағы болып табылатын жастарды тәрбиелеуде мемлекеттік идеологияның орны ерекше. Себебі, идеология қоғамды біріктіруші, бағыттаушы және реттеуші қызметін атқарады. Жастардың белгілі бір мақсатқа жету жолында бірігіп бағытталуы мемлекеттің болашағын айқындайды. Ендеше, бізге жастардан ертеңгі мықты саясаткер тұлғалар шығуы үшін қандай идеология қажет? Қазіргі жастардан ертеңгі мықты саясаткер тұлғалар шығуы үшін ұлттық мүддені көздейтін мемлекетшіл идеология қажет. Яғни болашақ саясаткер ұлттық мүддені жеке мүддеден жоғары қоюы керек. Осыны жастар бойына сіңіру керек.Мемлекеттік идеология елімізде жоқ деген пікірге мен келіспеймін. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясаты, нормативті-құқықтық база, жүргізіліп отырған іс-шаралар барлығы мемлекеттік идеологияны құрайды. Осы саяси-құқықтық іс-шаралар арқылы қоғам басқарылып, бағытталып келеді. Әсіресе, қабылданып отырған стратегиялық құжаттар (Қазақстан-2030, Қазақстан-2050) мемлекеттік идеологияның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қытайдың ұлы реформаторы Дэн Сяопинның басты қағидасы «шындықты іс жүзінен іздеу» мемлекетіміздегі идеологияның бар екендігін дәлелдейді. Сондықтан жастардан болашақ саясаткерлерді қалыптастыруда идеологияны шеттен іздеудің қажеті жоқ. Жастар қазірдің өзінде мемлекеттік идеология негізінде бейсаналы түрде тәрбиеленіп келеді
Қорытындылайтын болсақ,біздің еліміз жастардың саяси белсенділігін арттыру мақсатында әр жыл сайын түрлі жобалар іске қосып,жастарды саясатқа қызықтыру шараларын жасап жүр.Түрлі саяси ақпарат алатын құралдар,түрлі шағын жобалар тіпті универде оқытылатын саясаттану пәніде дәл осы біздей жастардығ саясатқа бейімділігін арттырып,саяси білім алудың маңыздылығының дәлелі!Мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуда,тек соны ұғынар жастар болса,саясат әлеміне ену үшін барлық есік ашық дер едім!Себебі, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Болашақ-жастардың қолында» деген рухты сөзі бар емес пе?!Болашақ елдің жағдайы тікелей бізге байланысты,сол үшінде мемлекет бізді саясатқада өзгегеде әзірден дайындауда.